ХАЛЫҚ СҰРАНЫСЫ ҚАЛТАРЫСТА ҚАЛМАЙДЫ

ХАЛЫҚ СҰРАНЫСЫ ҚАЛТАРЫСТА ҚАЛМАЙДЫ

Өткен сәрсенбі күні аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде Сарыкемер ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.Кездесуде алдымен Дәуір Рысбайұлы сөз алып, 2022 жыл аудан үшін табысты жыл болғанын атап өтті. Мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылған жұмыстар мен ауыл шаруашылығы саласында қол жеткізген жетістіктер көп болды. Аудан орталығында заманауи үлгіде 3 қабатты 250 келушіге арналған емхана соғылып пайдалануға берілсе, биылғы жылы оның маңынан аудандық аурухана соғылатын болады. Ауылдағы ең үлкен деген Д.Қонаев және Байзақ батыр көшелері жөндеуден өтсе, қалған көшелер биылғы жылы жөнделетіні туралы атап өтті. -Биыл жақсы жыл болғалы тұр. Аудан әкімінің орынбасары Дәуір Рысбайұлы атап өткендей аудан орталығында көп жұмыстар істелді. Ал биылғы жылы 600 орындық «Жайлы мектеп» және «Астана» балабақшасы маңынан тағы бір мектеп салынғалы отыр. 5 көп қабатты үй, спорт кешені соғылады деп күтілуде. Биыл көше бойына тартылған ауыз сулардың 80 пайызы үйлерге кіргізілсе, 31 шақырымды құрайтын үлкенді-кішілі бірнеше көше жөнделетін болады,-деді округ әкімі Сәуле Сейдімханқызы. Кездесуде ауыл тұрғындары Б.Орынбаев, А.Құрманбаев, З.Бабажанова, М.Талқашова, А.Ақшалов, тағы басқалар сөйлеп, көшелерді жөндеу, көше жарығы, қаңғыбас иттер, құлағалы тұрған бағаналарды ретке келтіру, көшеге шағал тас төсеу, дренажды тазалау, ауыл көшелеріне автобус жүргізу, Сапаралиев көшесін су басу қауіпі, үйге газ кіргізу тәрізді мәселелерді көтерді. Көтерілген мәселелерге округ әкімі Сәуле Тлеуқұлова жеке-жеке жауап берді. Олардың қайсыбірін орындауға бюджеттен қаржы бөлініп қойғанын жеткізсе, енді бірі тиісті мекемелер арқылы орындалатынын атап өтті. Ауыл тұрғындарының өз иттеріне ие болу керектігін, иттерге тіркеу жүргізілетінін айтты. Иттеріне ие болмағандар мен көше бойына қоқыс тастайтындарға айыппұл салынатынында ескертті. Сөз соңында айтылған ұсыныс-пікірлердің кезең-кезеңімен атқарылатынын жеткізді.

Сүндетулла ӘБІЛОВ, Сарыкемер ауылы.
26.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 96
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 106
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 201
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 201
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 338
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 340
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 567
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 514

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9217
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8613
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11839
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9609
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10822