Халық Тоқаевқа сеніп отыр

Халық Тоқаевқа сеніп отыр

    «Қаңтар қасіреті» оқиғасы кезінде Қазақстан Республикасына қаншалықты қауіп-қатер төнгенін халық білген жоқ. Ал Президентіміз бұл қауіп-қатердің қаншалықты халқымызға ауыр-зардап әкелетінін жақсы білді. Өздеріңіз білесіздер, Ата Заңымызда Президент халқының қауіпсіздігі үшін кепілдік беретін басты тұлға. Ол біздің азаматтардың амандығын және мемлекетіміздің бүтіндігін басты мәселе етіп қояды. Біздің бәріміз қаңтардың бірнеше күнінде Ел басшысының мемлекетімізді төтенше жағдайдан жедел алып шығу үшін қолынан келген барлық шараларды жасағанын көріп, біліп отырдық. Халқын сабырға шақырды. Сол ауыр күндері ондаған мың отандастарымыз болып жатқан бассыздықтан, бейберекетсіздіктен құтқаруға Президентке өтініш жасады. Сондықтан Президент Қаңтар оқиғасында қолданған, жүзеге асырған шешімдерін дұрыс деп санаймыз. Арандатушылардың айтқанына ере бермеңіздер. Иә, бұл оқиға қалыпты өмірімізді түбегейлі өзгертті. Заңсыз әрекеттердің салдарынан көптеген азаматтарымыз зардап шекті. Шағын және орта бизнес өкілдері зор шығынға ұшырады. Қазіргі мәліметтер бойынша 100 млрд теңгеден астам залал келген. Мемлекетіміздің алдында еліміздің экономикалық әлеуетін толық қалпына келтіру міндеті тұр. Бұл Президентімізге зор жауапкершілік жүктеп отырғанын халқымыз жақсы түсініп отыр. Халық президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа несімен риза? Себебі ел басшысы ашықтықты, жариялылықты, бірінші орынға қойып, өзінің ойларының халықпен шынайы бөлісіп отыр. Сондай-ақ қазіргі келеңсіз оқиғалардың ішіндегі зор дүрбелең туғызған мәселе полицейлердің бейбіт тұрғындарға қиянат жасағандығы. Президент бұл мәселеге бірден назар аударып, жауапты орындарға, адамдарға жедел тексеруді пәрмен етті және оны қазірге дейін өзі қадағалап отыр.

         Президентіміздің тағы да қадағалап отырған бір мәселесі бағаның қымбаттауын шектеу. Қазіргі Президенттің тапсырмалары жедел жүзеге асып жатыр. Елді елеңдеткен зор мәселе «Самұрық-Қазына» компаниясының қызметкерлер санын екі есе қысқартуға пәрмен бергені. Кедендердегі (Әсіресе, Алматы облысы) жемқорлықтың өршіп кеткенін тек жалпылама айтпай, нақты-нақты айтуы да елдің ризашылығын туғызып, рухын оятты, сенімін қайта тірілтті.

         Тағы да халқын қуантқан мына мәселені айтпай кетуге болмас. Ол «Қазақстан халқына» қорының ашылуы. Қазір бұл қорға алпауыттар да молынан қаржы аударып жатыр. Соңғы көрсеткіш 115,3 млрд теңге әлі де қаржы салынып, қордың қоржыны молайып келеді.

Еліміздің тыныштығы үшін бәріміз де бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ынтымақ-бірлікте болып, Президентіміздің шұғыл жасап жатқан шараларын қолдайық.

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, «Qazaqstan dauiri» газетінің бас редакторы, жазушы
10.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 158
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 197
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 158
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 304
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 524
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 475

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9179
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8578
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11806
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9575
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10785