Еліміздің жаңа тағайындалған Премьер-Министрі Әлихан Смаилов Мәжіліс отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді. Үкіметтің алдағы жұмыс жоспарымен таныстырған ол: «Аса құрметтті Президент мырза, құрметті депутаттар! Маған үлкен сенім артқандарыңыз үшін алғысымды айтамын. Бұл мен үшін зор жауапкершілік. Қазіргі кезде Мемлекет басшысының жетекшілігімен елдің егемендігі мен ұлттық қауіпсіздікті, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, халық үніне құлақ асатын мемлекетке бағытталған өзгерістер жүзеге асып жатыр. Азаматтардың заңды талаптары ескеріліп, іске асатын болады. Қасым- Жомарт Кемелұлы елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру, халықтың тұрмысын жақсарту туралы тапсырмаларыңыз Үкімет үшін басым міндет болады. Ел Үкіметін ауқымды жұмыс күтіп тұр. Үкімет Президенттің жолдауларын, бастап жатқан реформаларын және тапсырмаларын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру жұмыстарын жүргізетін болады. Тиімді макроэкономикалық саясатты жүзеге асыру жаһандық өзгерістердің әсеріне ұшыраған инфляцияны біртіндеп төмендету және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету маңызды міндеттері тұр. Бизнес климатты жақсарту, халықты жұмыспен қамту мен жалақыны көтеру жөніндегі кешенді шаралар азаматтардың нақты табысының өсуіне ықпал етеді. Үкімет жұмысының басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру. Сондықтан мемлекеттік бюджет тиісті шараларға көзделетін болады. Алдымызда әлі коронавирусты еңсеру міндеті тұр. Үкіметтің алдына қойылатын міндеттерді шешу үшін барлық керекті шаралар қабылданатын болады», – деді.