Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына барды

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына барды

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына барды.

Еске сала кетейік, 2018 жылы мекеме Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйі мен кәмелетке толмағандарды оңалту және бейімдеу орталығын біріктіру арқылы қайта құрылған болатын.

Бүгінде мұнда 75 бала тәрбиеленуде. Екі қабатты ғимаратта сабақ өткізуге арналған кабинеттер, акт залы, «Рухани жаңғыру» кабинеті, кітапхана, коворкинг орталығы, музей, физиотерапия кабинеті, медициналық кабинет, спорт және шахмат залдары бар.

Мекемеде кәсіптік бағдарлау орталығы жұмыс істейді, онда балалар шаштараз, етікшілік, аспаздық, қолөнер және дизайнерлік шығармашылық, іс тігу бойынша білім ала алады. Орталық тәрбиеленушілері 7 топқа бөлінген. Мекеме ғимаратын жабдықтауға жергілікті кәсіпкерлер жиі қол ұшын созып отырады.

Облыс әкімі жатын бөлмелерді, кабинеттерді аралап, балаларды әңгімеге тартты.

Нұржан Нұржігітов құрметті қонақ ретінде балаларды қорғау күніне арналған концерттік бағадарламаны тамашалады.

Сондай-ақ, тәрбиеленушілердің салған суреттерінен көрме дайындалған.

– Балалар – еліміздің ертеңі, болашағымыз. Біздің негізгі міндетіміз – балаларымызды қорғау, олардың балалық шақтарының алаңсыз өтуіне жағдай жасау.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балалардың жан-жақты және лайықты дамулары үшін барлық жағдайларды жасау, балаларды қолдау бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Облыста жыл сайын жаңа мектептер, қосымша білім беру мекемелері салынуда.

Жақында облыс орталығында заманауи оқушылар сарайы ашылды. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Бай болу үшін – кәсіп керек!» дейді. Мұнда материалдық байлық емес, рухани байлық туралы айтылған. Сіздердің болашақта нағыз кәсіби маман болып, Отанымыздың гүлденуі үшін аянбай еңбек етулеріңіз аса маңызды. Баршаңызға сәттілік пен үлкен жеңістер тілеймін! – деді облыс әкімі өз құттықтау сөзінде.

Балаларды мерекемен құттықтаған аймақ басшысы оларға естелік сыйлықтар тарту етті.

Салтанатты шара барысында облыс әкімі Қ.Сарымолдаев атындағы бұрынғы балалар үйінің тәрбиеленушісі Закир Сейітқановқа және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған В.Савва атындағы мектеп-интернатының тәрбиеленуші-түлектеріне Сандуғаш Иманқұловаға Тараз қаласының 15 шағын ауданынан жаңа пәтерлердің кілттерін табыстады.

Облыс әкімі жаңа қоныс иелерін құттықтап, оларға бақыт пен амандық тіледі.

Жамбыл облысы әкімдігі
01.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 261
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 395
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 391
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 622
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 564

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9266
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8662
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11889
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9663
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10871