Хақ дінге келуіме газет ұжымы түрткі болды

Хақ дінге келуіме газет ұжымы түрткі болды

Дінді ораза ұстаудан бастадық. Ол кез «Ана тілі» ұлттық апталығының атағы жер жарып тұрған қазақтың әйгілі публицистері Жарылқап Бейсенбай, Марат Қабанбай, Бақыт Сарбалаұлы  ағаларымның басшылығындағы кез-тін. Содан соң осы «Қазақстан – Zaman» газетіне ауыстым.  Нақтылы иманға келіп, намаз оқуды бастағаным «Қазақстан – Zaman» халықаралық апталығына жауапты хатшы болып жұмысқа келген кезім еді. Бас редактор, белгілі журналист ағамыз Марат Тоқашбаев екен. Редакцияда түрікше судай сөйлейтін қазақтың жас жігіттеріне қызыға қарап қоямын, бәлкім Түркиядан оқып келген жастарға ұқсайды.

Ал апталықтың директоры Ахмет Аляз деген түркиялық азамат, Қазақстанда жоғары оқу орнын бітірген, ол жігіттің қазақшасы емін-еркін, сәл түрікше мақамы білініп тұрса да, соның өзі жарасып тұрған сияқты. Шетелдік кім болса да қазақша сөйлесе жүрегіміз жарылып қуанатын әдетіміз ғой... Иә, нақты айтпағыма көшейін, редакцияның оңаша бөлмелерінде ондағы жігіттердің көбі намаз оқитынын байқап, оларға өзімнің де ішім жылып қалған-ды. Әлде бір күні әлгі жігіттердің бірі «Аға, жұма намазға барамыз ба?» деді. Дыбыс ауаны мені жұма намазға баратын адам деп тұрғаны айқын. «Жоқ» деп айтуға дәтім жетпеді. Әлі намаз оқымағанмын, бар болғаны бір жылдан бері, кәдімгі дәрет алуды үйреніп соны дардай құлшылық көріп, місе тұтып жүрген кезім...

Қысқасы «Қазақстан – Zaman» газетінде жүргенде намазға жығылдым.

«Қазақстан – Zaman» газетінде жүрген жылдарымда Түркияға бара алмасам да, Түркиялық ғұлама ғалым Саид Нұрсидің қазақша аударылған кітабын редакциялау себебімен бір жылдай Стамбулда болып, османлы-түрікшесін үйреніп қайттым. Бұл хақ діннің көптеген кітаптарын түп нұсқадан оқуыма жол ашқан еді. 

Сөйтіп газеттегі қызметімнен кейін Ислам кітаптарын аударуға да өмірімнің оншақты жылын арнадым. «Қазақстан – Zaman»  менің мұсылмандыққа бет бұруыма бағыт берген құтты мекен сияқты көңілімде өте ыстық сезіледі. Ондағы бірге жұмыс істеген Төреғали, Әлімжан, Жанстан, Раушан сынды аға-іні, әпке-қарындастарым да маған ең жақын адамдар болып есімде ұмытылмастай болып қалды. Тағы бір ерекше айтатын нәрсе осы газет менің шығармашылығымды шыңдады. Көптеген мақалаларым шықты. Оның бәрін мына қысқа мақаламда айтып жату мүмкін емес. Аты өзгерсе де, заты өзгермеген «Qazaqstan dauiri» газетінің ұжымын және мыңдаған оқырмандарын биылғы мерейтойымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілеймін!

Абай МАУҚАРАҰЛЫ

 

Ермек САХАРИЕВ, Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
17.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 836
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6910
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10750
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6979
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7120