Жағдай тұрақты бақылауда

Жағдай тұрақты бақылауда
 
2023 жылдың 10 ақпаны күні кешкі сағат 23.00 шамасында жел күшейе түсті. 11 ақпан сағат 00.00 желдің екпіні 24-26 м/с болса, сағат 05.00
шамасында 34-38 м/с жетті. «Казгидромет» РМК филиалының 2023 жылдың 10 ақпанындағы №17 ТЛГ хатына сәйкес, Сарысу ауданы тұрғындарына алдын ала хабарламалар жіберіліп,«Жаңатас-Тараз», «Жаңатас-Шымкент» бағытындағы автокөлік жолдары полиция қызметкерлерімен жабылды. Шаруалардың жайылымға шығуына тоқтам қойылып, төрт түлік малдарын қорада ұстау ескертілді.
Барлық әлеуметтік (денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, білім) нысандарда жағдай қалыпты, жылу қазандықтары (котельная/водозаборы/водоканал) толық істеп тұр. «Қазфосфат» ЖШС пен «ЕвроХим» ЖШС компанияларының өндіріс орындарының жұмысы қалыпты.
Ауданішілік автожолдардағы көлік қатынастарында кедергілер жоқ. Дүкендерде наубайхана өнімдері мен азық-түлік, жанар-жағармай,
дизель, газ көлемі жеткілікті. «Орталық қазандық», «Қазгидромет», Жаңатас қаласы мен Саудакент ауылындағы әлеуметтік нысандарды аралап шықтым. Жағдай тұрақты бақылауда.
Марат Сұлтанғалиев, Сарысу ауданының әкімі
11.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13922
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13875
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29006
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27664
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31178