Жайдарманшылар Таразда бас қосты

Жайдарманшылар Таразда бас қосты

Таразда көңілді тапқырлар ойыншыларының ойыны өтті. Тараз қаласы әкімінің кубогы үшін ұйымдастырылған "Оңтүстік Номад" лигасының финалдық сайысында Қызылорда, Түркістан облыстарынан және Шымкент қаласынан, сондай-ақ жергілікті командаларды қосқанда 7 топ өнер көрсетті. Финалдық ойын "Баласағұн" орталық концерт залында өтті. Өткір әзілдерімен көпшілікті баураған "OIY" командасы (Тараз қаласы) бірінші орынды иеленсе, екінші орын Шымкенттен келген "Mademuazel" командасына бұйырды. Ал үшінші орынды "Қарасаз" командасы (Тараз қаласы) қанжығасына байлады. Фото: Тараз қаласының әкімдігі Сонымен қатар "Сұрап алмадық" командасының мүшесі Әділжан Дәулетов (Қызылорда облысы) "Үздік ойыншы" атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шаһар басшысының атынан қала әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов арнайы құттықтап, ақшалай сыйлықтар табыстады. Фото: Тараз қаласының әкімдігі Қазақы қалжың, астарлы әзілмен ұтымды ойды жеткізе білген көңілді тапқырлар сайысын қолдаған көрермен қауым риза болып, тарқасты. 

nur.kz
03.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14334
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14264
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29405
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28040
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31572