Жалған ақпарат тарату жиіледі

Жалған ақпарат  тарату жиіледі

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер арқылы көрінеу жалған ақпаратты тарату жағдайлары жиіледі. Фейк хабарламалар деп аталып кеткендердің басым бөлігі шетелден келеді екен. ҚР ІІМ тергеу департаменті бастығының мәліметінше,  әлеуметтік желілерден шетелде тіркелген 50 аккаунт анықталды.

 «ҚК-нің 274-бабы – көрінеу жалған ақпарат тарату бойынша 13 қылмыстық іс тіркелді, олар бойынша мұқият тергеу жүргізілуде. Екі адам қамауға, тағы екеуі үйқамаққа алынды. Мысалы, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Қостанай қаласында «Telegram» мессенджерінде өз атынан СОБР қызметкерлері ереуілшілер жағына шыққаны туралы жалған ақпарат таратқан азамат ұсталды. Сонымен қатар қызметкер атынан «олар ешкімді ұстамайтыны, барлығын ереуілге шығуға шақыру» туралы екі мәтіндік хабарлама салған. Келесі оқиғада Ақмола облысының тұрғыны жаппай тәртіпсіздіктерден соң, 2022 жылғы 10 қаңтарда елдегі жағдайды ушықтыру мақсатында өзінің «Facebook» парақшасына «полиция қызметкерлерін өлтіруге үгіттейтін» жазба жариялаған», – деді Санжар Әділов.  

ІІМ өкілі азаматтарды арандатуға көнбеуге және тексерілген ақпарат құралдарына ғана сенуге шақырды.  «Құрметті қазақстандықтар! Қазір құқық қорғау органдары Қаңтар оқиғаларының себептерін анықтау бойынша қажырлы жұмысын жалғастыруда және алдағы уақытта осындай қайғылы оқиғаларды болдырмау бойынша қажетті шаралар қабылдануда. Тергеу процедураларына сабырлылықпен қарауға және тергеудің нәтижелерін күтуге шақырамыз», – деп түйіндеді полковник.

ҚР Қылмыстық Кодексiнің 274-бабы бойынша  Көрінеу жалған ақпарат тарату мынадай жолдармен жазаланады:

1. Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату – бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 

2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып; 

3) бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет – үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіруге немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер – бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген: 

1) қылмыстық топ жасаған; 

2) төтенше жағдай кезінде немесе ұрыс жағдайында немесе соғыс уақытында не жария іс-шаралар өткізу кезінде жасалған іс-әрекеттер – үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.                                                                                       

 

ШАРГҮЛ ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
13.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 130
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 129
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 645
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 763
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 677
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 688

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8824
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8222
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11449
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9205
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10433