Жалған нөмірмен жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды

Жалған нөмірмен жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды
Жамбылдық полицейлер жалған нөмірмен жол ережесін бұзып жүрген жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Жамбылинфо облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімшілік полиция қызметкерлері алтын түстес “Toyota Camry” маркалы автокөлікті анықтады, оның жүргізушісі бірнеше ай ішінде 2 миллион 457 мың 350 теңгеге 54 мәрте жылдамдық режимін бұзған.
Полицейлер 31 жастағы жүргізушіні бейнебақылау камералары арқылы әшкереледі. Оған көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн орнатқаны және басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК 590-бабының 3 және 4-бөліктері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Ол үшін жүргізушіге тағы 27 690 теңге айыппұл салынды және сот шешімімен 1 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды, сондай-ақ 1 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Құқық бұзушының автокөлігі мамандандырылған айып тұрағына қойылды.
Айта кету керек, автокөліктің тіркелген өз нөмірінде жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі жоқ.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
17.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14471
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14387
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29541
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28167
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31706