Замандастар

Замандастар

Жиылды бүгін  міне замандастар,

Мерекені жиынды алға бастар,

Әрбірі әр әулеттің көшбасшысы,

Артынан ілесетін қалың жастар.

 

Армысыздар, ғажайып үлкендерім,

Босқа өтпеген ешқашан әр күндерің,

Жастарым өнеге алса өздеріңнен,

Таң ғажайып болар ед өркендерің.

 

Көпшілік жастарымыз өжет боп тұр,

Кеңесі үлкендердің қажет боп тұр.

Арада кейбір әже-аталардың, 

Өздеріне тәрбие керек боп тұр.

 

Тәрбиені тал бесіктен бастау керек,

Жаман әдет, мінезді тастау керек.

Жастарға берілетін тәрбиеге 

Келеңсіз жамандықты қоспау керек.

 

Замандастар жағдайы қалай боп тұр?

Өкіметке үмітпен қарайлап тұр.

Көп пайда болмаған соң жоғарыдан

Жастар жүр отбасында маңайлап құр.

Абия БАЙҚУАТҚЫЗЫ, Оқу ісінің үздігі, ардагер ұстаз, Алматы қаласы Алатау ауданы ардагері
28.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

Торқалы той қарсаңындағы марапаттар
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 28.09.2023 63
ӘСКЕРГЕ БАРУ- АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ
Шу ауданы әкімдігі - 28.09.2023 42
Пресс-релиз
- 28.09.2023 16
Ұлт рухының жаршысы еді...
Ерболат САУРЫҚОВ, филология ғылымдарының докторы, профессор. - 28.09.2023 63
ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 840

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 2570
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 2401
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 2509
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 2489
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 2537