Жамбыл ауданы: Жерге – тыныс, елге – ырыс

Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс

«Ауыл аманаты – ел аманаты» атты «АMANAT» партиясы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі,  «Ардагерлер кеңесі» РҚБ, «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік-танымдық сайты,   «Qazaqstan dauiri» газеті, «Мөлдір бұлақ» журналының бірлескен экспедициясы Жамбыл облысында

 

Алла нәсіп еткен ғибратқа толы ғұмырын ұрпақ тәрбиелеу мен шығармашылыққа арнаған «Qazaqstan dauiri» қоғамдық-саяси газетінің Бас директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Журналистер одағының мүшесі, «Елана» қоғамдық-әлеуметтік, танымдық-ақпараттық сайтының жетекшісі, қаламын татулықтың сиясына батырған Сәуле Мешітбайқызы бүгін Жамбыл ауданына сапарлап келіп, ауылшаруашылық иелерімен  танысып, зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді.

Сексеннің сеңгіріне қарай адымдаған анамыздың ауданға бұл келуі бірінші рет емес. Өйткені жыл сайын, тек біздің ғана өңірді емес, барлық облыстарды аралап, жақсылықтарын жария етуді үрдіске айналдырған апамыздың бұл ерлігін мойындамасқа болмас.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы аясында «АMANAT» партиясы бас болған «Ауыл аманаты – ел аманаты» атты экспедициясымен де талай жерді аралап, ауылдардың ажарланып, өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі ерек. Осы жолы еланасын барынша құрметтеп, Жамбыл ауданының кіре берісінен құшақ толы алқызыл гүлдермен күтіп алған аудан әкімінің орынбасары Мақпал Сатыбалдықызы  және ішкі саясат бөлімінің басшысы Теміржан Серікұлы  ауданның алға ұстар қарияларымен бірге жол бастап жүрді. Жұмыс сапары барысында Жамбыл ауданының шаруашылық саласы бойынша бірқанша ақпараттарға қанық болдық. Аталмыш аудан облыс орталығы Тараз қаласын қоршай орналасқан. Ауданның жалпы аумағы 430,9 мың гектар. Ауданға қарасты 17 ауылдық округтегі 42 елді мекенде 88 126 халық тұрады. «Ауыл аманаты» жобасы 2019-2023 жылдар аралығында аудандағы 6 ауылдық округтің 15 елді мекеніне 5 бағыт бойынша  несие беріліп, 1219 жоба іске асырылып, 474 жұмыс орны ашылды. Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану бағыты бойынша 2009 ауладағы 227 гектар жер игерілді. Осы бағыт шеңберінде 3 жылыжай бой көтеріп, өз өнімдерін өткеруде. Мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша 924 ауыл тұрғыны 30 мыңға жуық мал басын сатып алды. Жобаның нәтижесінде 6 ауылдық округ бойынша төрт түлік мал саны 88 мыңнан 117 мың басқа жеткен. Тұрғындардың ауыл сыртындағы жерін тиімді пайдалану бағыты бойынша 15 568 гектар жер игерілді. Кооперативтерді жабдықтау және құру бағытымен 6 ауыл шаруашылық кооперативі құрылып, 44 дана ауылшаруашылығы техникалары алынды. Үй іргесінде ауылшаруашылығы жеке кәсібін ашу бағыты бойынша 5 жоба іске асырылған. «Ауыл аманаты» жобасы аясында округтерде жеке кәсіпкерлер саны 504-тен 1 319-ға жетті. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар 271 отбасыға кеміді. Ал, 2024 жылы «Ауыл аманаты» жобасының 5-ші бағыты «Тұрғындардың өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге арналған шағын жобалары» аясында ауданда 187 жоба қаржыландырылуға ұсынылған. 

Бүгінгі күнге жобаның 5-ші бағыты бойынша  Айшабибі, Ақбастау, Аса, Бесағаш, Жамбыл ауылдық округтерінде 15 жеке кәсіпкер несие алған. Жарқын жобаның жемісін көрген жамбылдықтармен кездесу Қарасу ауылдық округінде жалғасты. Қарасу ауылдық округі Тараз қаласының солтүстік батысында 35 шақырым қашықтықта орналасқан. Аудан орталығы Аса ауылынан 10 шақырым қашықтықта жатыр. Ауылдық округке Ащыбұлақ, Шайдана елді мекендері қарайды. Округ бойынша 2062 халық тұрады. Басқосуға жиналған қарасулықтар жүздесу барысында үлкен әсер алды. Кездесуде Сәуле Мешітбайқызы ұлт пен ұрпақ тәрбиесі туралы ой өрбітті.

– Біз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуіміз қажет. Қазіргі заманғы әлеуметтік желі бала тәрбиесіне деген кері әсерін тигізіп барады. Балаларды мейірімділікке, инабаттылыққа, бауырмалдыққа бағыттауымыз керек. Ұлттық құндылық әр отбасында болу керек, – дей келе өзекті мәселелерге тоқталды.

Өз кезегінде ауылдықтар өздерін толғандырған сауалдарды қойып, облыс орталығынан арнайы барған ауылшаруашылық маманы нақты жауаптар берді. Ал, осы ауылдың тұрғыны, ҚР Журналистер одағының мүшесі, ауданның Құрметті азаматы Сансызбай Бертайұлы сөз сөйлеп, еланасының аралауынан алар пайда көп екенін, көптеген жанға көмегі мен жәрдемі тиіп жатқандығын, ұлттың жанашырымен қатар елдің әл-ауқатын көтеруге қосқан үлесінің шексіз екендігін тілге тиек етті. 

Сапар барысында жеке кәсіпкер «Нұржас» шаруа қожалығында болдық. Онда Данияр Керімқұловпен тілдескенде, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға ризашылығын, соның нәтижесінде қаншама ел еңсесін тіктеп, көшін алға сүйреп кеткендігін айтты.  Алғыстан өзге айтары жоқ шаруашылықтың мал басын көбейтіп жатқандығын көріп көңіл сүйсінді. Тура осындай ахуал «Сәтбек» шаруа қожалығында да көзге түсті. Сәтбек Тәженұлының айтуынша, өткен жылы ғана құрылған шаруашылық бұл күнде бір ізге түсіп келе жатқандай. Қора толы қойды көрдік, ол алдағы жоспарымен бөлісті.

Жұмыс сапары соңында Сәуле Мешітбайқызы Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына орай аудандық мәслихаттың ұйымдастыруымен өткен іс-шараға қатысып, мәслихаттардың қоғамдағы рөлі мен маңыздылығы туралы сөз қозғап, құттықтау сөз сөйледі.

– Мәслихаттар тұрғындардың мүддесін қорғау, елдің әл-ауқатын арттыру, қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету бағытында аянбай еңбек етіп келеді. Мемлекет басшысы «Депутат болу биік мақсат емес, бұл зор жауапкершілік және маңызды міндет» деп атап өткен болатын.  Мықты мәслихат – ел тірегі. Облыстағы мәслихаттар бұрыннан-ақ берекелі бірлігімен, тиянақты тірлігімен, елден ерек ірілігімен ерекшеленген. Сегізінші шақырылымның депутаттары да сол игі дәстүрді, эстафетаны абыроймен жалғастырып, аманатқа адалдық танытып келе жатқанын мақтанышпен айта аламын. Облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары қоғамның сөзін айтып, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға атсалысып, ел мүддесі жолында тындырымды енбек етуде. Тәуелсіз еліміз үшін ең бастысы – халықтың тыныштығы. Оның ішінде ұлтаралық келісімнің манызы зор, – деді Сәуле Мешітбайқызы.

Бұдан бөлек, жиында облыстық мәслихат төрағасы депутаттарды мерейтоймен құттықтап, Сәуле Мешітбайқызы мен бірқатар азаматтарды «Қазақстан мәслихаттарына – 30 жыл» төсбелгісімен марапаттады. Мерейлі мерейтой соңы мерекелік бағларламаға ұласты.

Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы
20.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 58
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 113
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 27
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 61
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 60
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 113
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 146
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 149
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 136
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 144
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 151
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 145

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11275
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10211
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13457
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12411
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17419