Жамбыл ауданында 34-ші мешіт ашылды

Жамбыл ауданында 34-ші мешіт ашылды
Мешіт мұсылман халқы үшін маңызы бөлек, орны қашан да ерекше болып қала бермек. Жаратушының нығметіне бөленіп, тілеу тілеп, жалбарынатын құтты мекен кімді-кімнің болмасын жиі бас сұғатын қасиетті, қастерлі орны.
Бүгін, яғни қасиетті жұма күні ізгілікті ту еткен Өрнек ауылының а тұрғындары ауылына сәні мен кескіні жарасым тапқан, зәулім мешіт салды.
Оның ашылуына аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев және ауылдан шыққан аптал азаматтар мен тұрғындар қатысты
– Бүгін Жамбыл ауданында 34-нші мешіт ашылып отыр. Оған жергілікті жұртшылықтың үлес қосуы сауапты еселей түсетіні анық. Бұл – үлкен іс. Мешіттен ғұламалар шықсын, Алла Тағаладан тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Құран Кәрімді жатқа білетін қариларыңыз түлеп, ауылдың әлеуеті арта берсін, – деді Ерлан Қыдыралыұлы.
Бейбіт Әлібекұлы ауылдықтарды құттықтап, Құран Кәрімді сыйға тарту етті.
Сондай-ақ ауыл ақсақалдары да қайырлы іске ден қойған бірқатар азаматқа алғысын білдіріп, Жұма намазға бет алды
Жамбыл ауданы әкімдігі
27.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14359
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14288
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29431
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28066
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31597