Жамбыл ауданында "Pfizer" екпесін ектіргендер саны 19 мыңға жақындады

Жамбыл ауданында "Pfizer" екпесін ектіргендер саны 19 мыңға жақындады

Індеттің дендеуіне тосқауыл болудың жолы – вакцина қабылау. Бұл – әлемдік сарапшылардың тұжырымы Бүгінде өңірде өкпеден қысқан індетке қарсы екпе егу шаралары өз жалғасын табуда. Бастысы – тұрғындар, ата-аналар мен жасөспірімдер екпенің тиімділігі мен қауіпсіздігіне көз жеткізуде.

 

Аудандық орталық емханасының эпидемиолог дәрігері Сәкен Сандыбаевтың айтуынша, өңірге «Pfizer» екпесінің 18990 дозасы жеткізілсе, оның 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге бірінші компонентінің 7781 дозасы, екінші компонентінің  5945 дозасы егілген. 

Ал бала емізетін аналардың 1195-і бірінші компонентті, 917 екінші компонентті салдырған. Жүкті әйелдердің  432-сі бірінші компонентті, 325-і екінші компонентті қабылдаса, ревакцинациядан  260 ана өткен.

Сонымен қатар 60 жастан асқан азаматтардың 647-і  «Pfizer» вакцинасын ектірген.

Екпе ектіру жұмыстары Жамбыл ауданына қарасты 17 ауылдық округіндегі емдеу орталықтарында жүзеге асырылуда

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
09.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3648
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3852
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18779
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17457
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20890