Жамбыл ауданының әкімі ардагерлермен кездесті

Жамбыл ауданының әкімі ардагерлермен кездесті

Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы аудандағы ардагерлердің басын қосып, кездесу өткізді.

Кездесуге Жамбыл ауданындағы ауылдық округтердің ардагерлер кеңесінінің төрағалары, билер кеңесінің мүшелері қатысып отырды.

 

Ерлан Қыдыралыұлы ардагерлердің қоғамға қосып жатқан үлесін өлшеусіз екенін айтты.

Ауыл ақсақалдарын ауылға қажетті мәселелерді көтеруге шақырды.

 

– Баршаңызды ең алдымен күні көктемнің алғашқы мерекесі 1 наурыз - Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын! 

Осынау Тәуелсіз елімізде ардагерлеріміздің, зиялы қауым өкілдерінің қоғамда алатын орны ерекше әрі маңызды деп білемін.

Себебі, өскелен ұрпаққа тәрбие беріп, жол көрсететін, бағыт-бағдар беретін осы Сіздердей қазыналы қарияларымыз екендігі сөзсіз.

Жалпы, Жамбыл ауданы бойынша Ардагерлер кеңесінің жұмыстары бір жүйеге келтілірген және тиісті жұмыстар жүргізілуде. 

Құрметті аудан ардагерлері!

Өзімінің жұмыс бағытындағы алғашқы кездесуімді сіздермен жүздесуден бастағанды жөн көрдім. 

Сіздердің ұсыныс - пікірлеріңізді тыңдап, ой бөлісіп, тұрғындардың сапалы өмір сүругіне бағытталған жоспарларды келісе отырып, елді мекендердегі өзекті мәселелер төңірегенде ойларыңызды білсем деген пікірдемін.

Жалпы өздеріңізге белгілі, ауданда арнайы ардагерлер үйі ашылған. Онда барлық мүміндіктер қарастырылып, толық жабдықталған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудандық ардагерлер кеңесі облыста бас жүлдені жеңіп алғандығы жөнінде де хабардармын. Бұл жеңіс үлкен абырой, үлкен жетістік. Бұл жетістіктің артында барлықтарыңыздың еңбектеріңіз бар. Себебі бір отбасындай бірігіп, ауызбірлікте, ынтымақта ұйысып жұмыс атқарып келесіздер, - деді өңір басшысы.

Өз кезегінде өңір ардагерлері ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, мағыналы жиынның бастауы болды.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
03.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 182
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 196
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 463
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 920

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18374
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18235
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33423
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31975
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35738