Жамбыл облыстық инвестициялық штабта жалпы 60-тан астам жоба қаралды

Жамбыл облыстық инвестициялық штабта жалпы 60-тан астам жоба қаралды

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен «Бизнеске арналған үкімет» фронт-офисінде инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті.

«Аяла Дар» ЖШС өкілдері физика, химия, биология, лингафон кабинеттеріне арналған мультимедиялық, проекциялық жабдықтарды жеткізу жобасын таныстырды. Компания оқытушылар арасында осы жабдықты пайдалану бойынша оқыту жүргізеді. Сонымен қатар серіктестік «Электрондық кітапхана» жүйесін ұсынды.

Аймақ басшысы білім, мәдениет, цифрлық технологиялар басқармаларына жобаның маңыздылығы мен тиімділігін зерделеуді тапсырды.

– Бұл салада маңызды шешімдер қабылдау барысында білім сапасын арттыру – басты міндетіміз екенін естен шығармауымыз керек. Мектептегі құрал-жабдықтар бос тұрмауы тиіс, оны барынша пайдалану қажет. Барлық ұйымдастыру мәселелері алдын ала жан-жақты зерделенуі қажет, – деді облыс әкімі.

«Сантехцентр» компаниясы заманауи құрылыс технологияларын қолдана отырып, коммерциялық және әлеуметтік нысандарды жобалау және салу қызметтерін ұсынды.

Облыс әкімі серіктестік ұсынған жобаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес зерделеуді тапсырды.

Айта кетейік, жалпы бүгінге дейін инвестициялық штабтың отырыстарында жалпы құны 1,6 трлн теңгеден асатын 60-тан астам инвестициялық жоба қаралды. Бұл жобалар бойынша қазірдің өзінде 55 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған.

Жамбыл облысы әкімдігі
06.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 258
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 392
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 388
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 618
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 561

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9263
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8659
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11886
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9657
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10868