Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерін дамытуда жоғары әлеуетке ие

Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерін дамытуда жоғары әлеуетке ие

«Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023» Халықаралық экономикалық және инвестициялық форумының алаңында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов қытайлық SPIC корпорациясының өкілдерімен кездесу өткізді. SPIC корпорациясы «Жаңатас жел электр станциясының» құрылысын жүргізіп, іске қосты. Электр энергиясын өндірсінің жылдық қуаты – 350 млн. кВт/сағ. Сондай-ақ, 2023 жылы Сарысу ауданында қуаты 100 МВт болатын «Шоқпар жел электр станциясы» ЖШС пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Компания бұл бағыттағы тәжірибесін электр энергетикасы саласында және басқа да жобаларды жүзеге асыру үшін қолдануға, облыс аумағында ірі электр станцияларын салуға ниетті.

Инвесторлар қуаттылығы 600 МВт-қа дейінгі жел электр станциясын салуға барлық мүмкіндіктері жететінін айтты.

Корпорацияның серіктесі – «SANY Renewable Energy» компаниясы жел қондырғылары бағаналарын шығаратын зауыт салуды ұсынды. Жобалық қуаты – жылына 200 бағана жиынтығы. Инвестициялардың жалпы көлемі – 53 млн. АҚШ доллары. Жоба аясында 160 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

- Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, жасыл энергетиканы дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жаңартылатын энергия көздері бойынша жобаларды табысты іске асыру облыстың бұл бағыттағы көшбасшылық қабілетін ұстап тұруға мүмкіндік беруде. Инвесторларға қолдау көрсете отырып, біз жыл сайын жаңартылатын энергия көздері   нысандарының санын артыра түсуге дайынбыз, - деді облыс әкімі.

Нұржан Нұржігітов жауапты тұлғаларға жобаларды егжей-тегжейлі зерделеуді тапсырды.

Жамбыл облысы әкімдігі
27.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 54
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 45
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 163
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 163
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 307
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 307
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 529
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 479

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9182
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8581
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11809
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9578
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10789