Жамбыл облысында 2025 жылға дейін 140,8 млн. ағаш егу жоспарлануда

Жамбыл облысында 2025 жылға дейін 140,8 млн. ағаш егу жоспарлануда

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Тараз қаласы мен аудандарда «Жасыл белдеу» жоспарының орындалуы талқыланды.

Жамбыл облысындағы мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 4 млн. 427 мың  гектар болса, оның орман ағаштары көмкерген жерлері  2 млн. 357 мың  гектар  құрап отыр. Орман қоры жерлері облыс  аумағының 30,8 пайызын алып жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд. ағаш егу тапсырмасы аясында  ҚР Экология және табиғи ресурстар министірлігі және Жамбыл облысы әкімдігі арасында  2021-2025 жылдары ормандарды молықтыру және молайту туралы кешенді жоспар бекітілген. Осы кешенді жоспар бойынша облыс аумағында 2025 жылға дейін 140,8 млн. ағаш егілуі тиіс.

Басқосуда баяндама жасаған табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараевтың айтуынша, облыс аумағында 814,6 гектар жерге 970,0 мың дана ағаш көшеттерін отырғызу көзделген. Қазіргі таңда 118,8 гектар аумаққа 114,7 мың  көшет егілген. Яғни елді мекендердің жасыл белдеуін құру жұмыстары тек  56% құрап отыр, оның ішінде Сарысу, Мойынқұм, Байзақ, Меркі, Тұрар Рысқұлов аудандары мен Тараз қаласының көрсеткіштері төмен. Сонымен қатар, Шу, Қордай, Байзақ, Меркі аудандарында жасыл белдеулердің аумағы қоршалмаған.  Тұрар Рысқұлов ауданы және Тараз қаласы жасыл белдеу құру жұмыстарын тек күз айларында орындауды жоспарлап отыр.

Басқарма басшысы орман шаруашылығы мекемелерінде елді мекендерді көгалдандыруды қамтамасыз ету үшін 763860 дана көшет өсіріліп жатқанын жеткізді.

Жиын барысында облыс әкімі жоспардың орындалу үлесі төмен аудан басшыларынан жауаптар алды.

Ербол Қарашөкеев Президенттің тапсырмасына сәйкес елді  мекендерді көгалдандыру мен жасыл аймақтар құрудың өңірлік жоспарын сапалы әрі уақытында орындау керектігін ескертті.  

Аймақ басшысы егілген көшеттерге суару жүйелері тартылып, қорғау, күтім жүмыстары дер кезінде жүргізілуін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.                   

Жамбыл облысы әкімдігі
12.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 96
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 130
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 131
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 96
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 239
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 243
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 456
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 418

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9117
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8514
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11742
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9509
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10722