Жамбыл облысында 2025 жылға қарай “Ауыл аманаты” жобасымен барлық ауыл қамтылады

Жамбыл облысында 2025 жылға қарай “Ауыл аманаты” жобасымен барлық ауыл қамтылады

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов  Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткен кездесуге құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты.

Өткен жылы облыстағы түрлі деңгейдегі әкімдердің 1200-ден астам кездесуі өтсе, ағымдағы жылдың алты айында 833 кездесу ұйымдастырылған.  Оның 73-і облыс әкімінің қатысуымен өткен.

Басқосуда алдымен әкімдердің тұрғындармен кездесуінің мақсатына тоқталған аймақ басшысы осы көрсеткіштерді тілге тиек етті.

Сондай-ақ, суармалы су мәселесін шешу жолдарына назар аудартты.

  • Ауданда биыл ауыл шаруашылығы бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Алайда, көріп отырғанымыздай жыл сайын ағын су тапшылығы күрделеніп келеді. Осы орайда су үнемдеу технологияларының енгізу, ұңғыма қазу жұмыстарына барынша көңіл бөлу маңызды. Ол үшін шығындардың елу пайызына дейін мемлекеттен субсидия беру тетігі қарастырылған.   Бүгінгі таңда облыс бойынша 57 мың гектарға жаңбырлатып және тамшылатып суару қондырғылары енгізілген. Бұл республикалық көрсеткіштің 20 пайызын құрайды. Біздің негізгі мақсат - тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру. Осы орайда жүзеге асып жатқан “Ауыл аманаты” жобасымен 2025 жылға қарай облыстағы барлық ауылдық округті қамтылады,-деді Нұржан Нұржігітов. 

Өз кезегінде ауылдықтар жаңа Шайдана ауылына жаңа мектеп салу, жайылым тапшылығы секілді көкейлерінде жүрген бірқатар мәселелерді көтерді. Аталған елді мекенде жаңа орта мектептің құрылысы келер жылы басталып, 2025 жылы аяқталатын болды.

Облыс әкімі жайылым мәселесін шешудегі бес бағытқа жеке-жеке тоқталып, жан-жақты түсіндірді.

Аймақ басшысы жайылым тапшылығын  шешу және  “Ауыл аманаты” жобасының шарттарын түсіндіру бойынша тұрғындармен жүргізілген жұмыстың әлсіздігін сынға алып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар, ауылдықтарды жергілікті билікке сенім артып, ортақ жауапкершілікті сезінуге шақырған Нұржан Нұржігітов заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын баса айтты.

Дәл осындай форматтағы кездесу Жамбыл ауылдық округінде де өтті.

Аймақ басшысы тұрғындар тарапынан қойылған интернет, жарықтың жиі өшуі, өрістегі малдардың кене басуы, қоғамдық көліктің жүруін кешкі 10-ға дейін ұзарту, қоқыс шығару, жол жөндеуге қатысты сауалдарға облыстық деңгейде атқарылып жатқан жұмылыстарды негізге ала отырып, жауап берді.

- Аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары халықпен жиі кездесіп, өтініштерін тыңдап, мәселелерін шешуге күш салу керек. Кері байланыс болмай, кабинетте отырып мәселе шешілмейді. Түсіндіру жұмыстарының жоқтығынан, жергілікті жерде шешілуі тиіс мәселелер қордаланып қалған. Қайталап айтамын, ауыл әкімдігіне жұмысқа деген жаңаша көзқарас керек, - деген Нұржан Нұржігітов жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.

Кездесулерден кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі
21.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 120
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 156
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 154
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 120
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 264
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 267
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 477
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 439

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9138
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8537
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11764
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9531
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10744