Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, ветеринария, туризм, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармалары басшыларының қатысуымен кеңес өткізді.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітеков биыл ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдауға субсидия түрінде 27 026,1 миллион теңге бөлінгенін (59,6 пайызы игерілген) айтты.
Осы жылдың 7 айында 160 945,3 миллион теңгенің ауылшаруашылық өнімдері өндірілді.
Ауылшаруашылық кәсіпорындарының негізгі капиталына 23 806,7 миллион теңге инвестиция тартылды.