Жамбыл облысында 257 су шаруашылығы жүйесі жөндеуден өтеді

Жамбыл облысында 257 су шаруашылығы жүйесі жөндеуден өтеді

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Байзақ ауданындағы Көптерек, Бурыл ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

Басқосуларға құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты.

Көптерек ауылдық округінде өткен кездесуде ауылдықтар суармалы су, тоғанды жөндеу, ауылға Мәдениет үйін салу және өзге де мәселелерді көтерді.

Аймақ басшысы барлық сұрақтарға облыс деңгейінде атқарылып жатқан жұмыстарды негізге ала отырып, жан-жақты жауаптар берді.

- Жыл өткен сайын ауа-райына байланысты суармалы су мәселесі күрделеніп келеді. Соған сәйкес аймақта ауқымды жұмыстар қолға алынған. 264 каналда жөндеу жұмыстары жүзеге асуда десек, тағы 257 каналды кезең-кезеңімен реттеу жоспарлануда.

Бұдан бөлек, облыс бойынша ірілі-ұсақты 14 жаңа су қоймасының құрылысы көзделген. Сондай-ақ, жерасты су қорын тиімді пайдалану тұрғысында ұңғымалар қазу, сү үнемдеу технологияларын көптеп енгізуге басымдық беруге тиіспіз. Бұл бойынша жер көлемі шағын шаруаларға қолдау көрсетуді ескеріп, субсидия көлемін арттыру жолында тиісті жұмыстар қолға алынады.

Жалпы, көктемгі дала жұмыстары кезінде шаруалар “Қазсушар” мекемесімен вегатациялық кезеңде су жеткізуге қатысты келісімге келу керек. Аталған мекеме мүмкіншіліктерді қарастыра отырып, су жеткізу бойынша келісім бермесе, ол алқапқа суды аса қажет етпейтін дақылдарды егуге басымдық беру маңызды,-деді Нұржан Нұржігітов.

Сонымен қатар, аймақ басшысы биылғы су тапшылғынан зардап шеккен шаруалардың шығынын өтеп беру бойынша Үкіметпен құрылған комиссия жұмыстар жүргізіп жатқанын жеткізді.

Ауылда мәдениет үйін салу үшін  қажетті қаражат қаралып, конкурстық шаралар жүзеге асуда.

Сондай-ақ, келер жылы округте “Ауыл аманаты” жобасы бойынша жұмыстар басталады деп күтілуде.

Дәл осындай кездесу Бурыл ауылдық округінде де өтті.

Ауыл халқының өсіміне байланысты үлкен мектеп қажеттілігі, интернет жылдамдығы, ауыз су қысымының төмендігі, жол жөндеу, электр бағаналарының тозуына қатысты сауалдарын жолдады. Облыс әкімі барлық мәселелер заң аясында, облыстың кешенді даму жоспарына сәйкес рет-ретімен шешілетіндігін баса айтты.

Аймақ басшысы тұрғындарды әлеуметтік мәселелерді шешуде жергілікті билікпен бірлесе отырып жұмыс атқаруға, өзара сенім мен ортақ жауапкершілікті арттыруға шақырды.

Кездесулерден кейін Нұржан Нұржігітов  азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Жамбыл облысы әкімдігі
31.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 114
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 149
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 49
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 147
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 114
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 258
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 261
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 472
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 433

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9133
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8531
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11759
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9526
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10738