Жамбыл облысында 47 538 жұмыскердің жалақысы орта есеппен 32,9 пайызға өсті

Жамбыл облысында 47 538 жұмыскердің жалақысы орта есеппен 32,9 пайызға өсті
 

2022 жылы Жамбыл облысындағы 1652 кәсіпорын 47 538 жұмыскердің жалақысын орта есеппен 32,9 көтерген. Бұл туралы еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Жарылқасын Айтақов айтып берді.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтің төрағалығымен өткен кеңесте басқарма басшысы есеп берді.

Жарылқасын Айтақовтың айтуынша, еңбек жағдайларының ахуалын тұрақты бақылауда ұстау мақсатында аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктерінде әлеуметтік-еңбек жағдайларын реттеу жөніндегі дағдарысқа қарсы штабтар құрылып, жұмыстар жүруде. Жыл басынан барлық деңгейде үшжақты комиссиялардың 111 отырысы өткен.

— Басқарманың еңбек инспекторларымен жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалардың арыз шағымдары бойынша 165 тексеріс жүргізілген. Тексерістердің қорытындысымен жұмыс берушілерге орындалуы міндетті 84 нұсқама беріліп, 26 айыппұл салынған.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде есепті кезеңде анықталған жалақы қарыздары анықталып, олар бүгінгі күнге толығымен жойылып, 3430 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды,-деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге бағытталған негізгі шаралардың бірі – өндірістік процесстерді тұрақтандыру, жұмыскерлерді қысқартпау мәселелері жөніндегі меморандумдардың үлесі облыста 100 пайыз қамтылған.

Ал, жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған бүгінгі күнге облыста 10646 ұжымдық шарт жасалған.

Жиын қорытындысымен басқармаға бірқатар нақты міндеттер жүктелді. 

Жамбыл облысы әкімдігі
23.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 228
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 364
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 364
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 595
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 538

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9242
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8639
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11865
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9636
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10846