Жамбыл облысында 6 күдікті тұлға 20 қап алтынмен ұсталды

Жамбыл облысында 6 күдікті тұлға 20 қап алтынмен ұсталды

Полиция қызметкерлерімен  1976, 1992,1994 және 1990 жылдары туылған алты жұмысшы ұсталды. Оның бесеуі Жамбыл облысының, ал  біреуі  Алматы облысының тұрғыны болып шықты.

Тергеумен анықталғандай, ұсталған адамдар ағымдағы жылдың 21 сәуірінде кен орнына жүк машинасымен келіп, рұқсатсыз  құрамында алтыны бар кенді қазып, 20 қапқа салып алған.

Префоратор, генератор, темір кескіш және балға түріндегі заттай айғақтар тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 334-бабы 1-бөлігі «Жер қойнауын өз бетінше пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазіргі таңда сот-химиялық сараптамасы  тағайындалды. Мемлекетке келтірілген залал көлемі белгіленетін болады.

 

28.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6457
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6589
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21568
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20184
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23667