Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев айтты. Ол аталған бағдарлама шеңберінде 3 166 жаңа жұмыс орнын құру көзделгенін мәлімдеді. Салық төлемдерінің өсімі 9,1 млрд. теңгені құрап, өндірістің ұлғаюы 92,9 млрд. теңгеге өсуі жоспарлануда.
«Сәуірде аймақта жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 73 603 болды. Индустриалды-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 56,6 млрд. теңгеге 7 инвестициялық жоба жүзеге асуда. Бұл шаралар барысында 758 жаңа жұмыс орны ашылады. Ал жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 63,1 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде, бюджеттік инвестиция 23%-ды болса, меншікті қаражат есебінен салынған инвестиция көлемі — 77 %», — деді спикер.
Аспандияр Мұраталыұлының айтуынша, жалпы 2022-2025 жылдар аралығында шет елдің қатысуымен 1,6 трлн. теңгеге 11 инвестициялық жоба іске асып, 4 626 жаңа жұмыс орындары ашылады.