Жамбыл облысында 7 Жайлы мектептің құрылысы жүруде

Жамбыл облысында 7 Жайлы мектептің құрылысы жүруде

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы мен «Таза Қазақстан» республикалық акциясының өңірде іске асырылу барысы қаралды. Жиынға ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Ғали Кенжеахметов, ҚР Үкіметінің өңірлік инспекторы Қыдырберді Беков қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы мен «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында жүргізілген жұмыстарды баяндады.

Жамбыл облысында 2023-2025 жылдары аралығында Ұлттық жоба аясында жалпы 9 500 орындық 12 Жайлы мектеп пайдалануға беріледі деп көзделген.

Ағымдағы жылы 7 мектептің құрылыс жұмыстары жүруде. (Таразда – 4, Байзақ ауданында – 1, Қордай – 2). Оның екеуі жаңа оқу жылына дейін, 5-і жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Қалған 5 білім ұясы 2025 жылы бой көтереді.

Кеңес барысында Ербол Қарашөкеев жоба операторы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның аймақтағы өкілі мен бірқатар мердігер компания басшыларының баяндамаларын тыңдады.- «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша жүзеге асуда. Облыста жоспарланған құрылыс жұмыстары кестеден кешікпей, мерзімінде тапсырылуы тиіс. Оған жергілікті билік те барынша қолдау көрсетеміз. Инженерлік желілерді тарту шаралары да назарда болады, – деген аймақ басшысы сапаға жіті көңіл бөлуді тапсырды.

Өз кезегінде ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Ғали Кенжеахметов «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мен мердігерлер арасындағы байланысты арттыру, жайлы мектептердегі оқушы мен педагогтердің штат санын пысықтау бойынша ұсыныс-пікірін білдірді.

Жиында мердігерлердің де жауаптары тыңдалып, жұмыс қарқынын арттыру мәселесі талқыланды.

Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы бойынша апта сайын сенбіліктер ұйымдастырылып, облыс аумағында ауқымды жұмыстар атқарылды. Экологиялық науқанға 210 мыңнан астам жамбылдық, оның ішінде 20 мың ерікті, 5 мыңға жуық кәсіпорын мен мекеме қызметкерлері белсенді қатысты.

Акция аясында 60 тарихи-мәдени ескерткіштің аумағы абаттандырылды.143 саябақ пен сквер аумағы, 816,6 шақырым канал және арық жүйесі, 109,1 мың аула мен 3,1 мың шақырым көше тазартылды.

11,4 мың тонна қоқыс шығарылып, 60 мыңға жуық көшет отырғызылды. Бұл жұмыстарға 892 техника жұмылдырылған.

Ербол Қарашөкеев «Таза Қазақстан» республикалық акциясы облыс аумағында тұрақты негізде жалғасатынын атап өтті.

Жиын қорытындысы бойынша Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын акция аясында жүйелі жүргізу тапсырылды.

Жамбыл облысы әкімдігі
03.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 121
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 120
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 636
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 754
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 667
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 679

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8814
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8213
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11440
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9195
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10424