Жамбыл облысында биыл 16 спорт нысаны пайдалануға беріледі

Жамбыл облысында биыл 16 спорт нысаны пайдалануға беріледі

Тараз қаласында орналасқан ҚР Президент резиденциясы жергілікті әкімдікке беріліп, балаларға арналған жыл бойы жұмыс істейтін 40 орындық оқу-сауықтыру орталығына айналмақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров айтты.

- Жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен көп балалы және аз камтылған отбасылардан шыққан 48 671 баланы ыстық тамақпен, киім-кешекпен және жазғы сауықтыру лагерлерімен қамтамсыз етуге қаржы қаралған.
Мемлекет басшысының аз қамтылған отбасыдан шыққан 1-4 сыныпта оқитын 70 639 баланы және мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленетін 11 326 баланы ыстық тамақпен қамту мақсатында берген тапсырмасын орындау үшін тиісті қаржы қаралды,-деп атап өтті Нұржан Календеров.

Сондай-ақ, ол 2020-2023 жылдары 44 мыңға жуық педагогтердің жалақысы 100 пайызға, яғни 2 есеге өскенін де мәлімдеді.

- Мемлекеттік спорттық тапсырысқа 1,2 млрд. теңге бөлініп, 119 спорттық секция ашылды, онда 6 818 балаға спорттың 17 түрінен ваучер берілді. Бүгінге 23 спорт нысанының құрылысы салынуда, оның 16-сы биыл пайдалануға берілетін болады, ол үшін 3,5 млрд. теңге бөлінуде.

Нәтижесінде, халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейін 59 пайызға, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар үлесін 42 пайызға жеткізу көзделуде,- деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Брифингте спикер ауылға жұмыс істеуге келген жастарды қолдау ерекше назарда екенін де атап өтті.

Жалпы 2022 жылы «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 291 маманға тұрғын үй сатып алуға 1,3 млрд.теңге несие берілген. Ал, аудандық бюджет есебінен 511 маманға 156,8 миллион теңге біржолғы көтерме жәрдемақысы қарастырылған.

Нұржан Календеров ағымдағы жылы 204 маманға тұрғын үй сатып алуға 1,1 млрд. теңге бюджеттік несие, 525 маманға 188,0 миллион теңгеге біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу жоспарда екенін тілге тиек етті.

Жамбыл облысы әкімдігі
24.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 149
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 185
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 182
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 149
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 296
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 294
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 510
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 467

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9167
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8565
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11793
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9561
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10773