Жамбыл облысында мектептерде бейне талдау жүйесін енгізу жоспарлануда

Жамбыл облысында мектептерде бейне талдау жүйесін енгізу жоспарлануда

Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен жиында Жамбыл облысында 2024-2028 жылдарға арналған азаматтық қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру барысы талқыланды.

Басқосуда цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Руслан Нокрабеков жасанды интеллектті пайдалана отырып, бейнеаналитика жүйесін дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

- Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдануды қамтамасыз етуді міндеттеді. Бұл жұмыс қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бірегей шешімдерді ұсынатын компаниялармен бірлесіп жүргізіледі, - деп атап өтті басқарма басшысы.

Сондай-ақ, ол басшысы террористік тұрғыдан әлсіз нысандарда қауіпсіздік шараларын күшейту мәселелеріне де тоқталды. Атап өтерлігі, 133 білім беру мекемесінде өрт қауіпсіздігін басқару жүйесін орнату жоспарлануда.

Жиын барысында «Target ai Limited» компаниясының директоры Дамир Жаримбетов пен «Жаңа технологиялар-Тараз» компаниясының өкілі Анастасия Махажанова білім мекемелерінде қауіпсіздік жүйесін орнату бойынша жобаларды  таныстырды.

Жалпы, былтырғы жылы бейнебақылау жүйелерін орталықтандыру бойынша қанатқақты жоба іске қосылды. Бірыңғай платформаға білім беру және денсаулық сақтау нысандары мен темір жол вокзалының аумағында және қоғамдық орындарда орнатылған бас-аяғы 50 бейнебақылау камерасы қосылған. Өз кезегінде бұл қадам қажетті ақпаратты алу процесін жеңілдету мен жеделдетуге, қоғамдық тәртіпті бұзу фактілеріне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бейне талдау жүйесі жеке тұлғаны немесе автокөлікті анықтауға мол мүмкіндік береді. Бастысы, құрылғы адамдар көп жиналатын орындарда, түтін немесе от анықталған кезде де кедергісіз жұмыс істейді.

Жиын соңында өңір басшысы жауаптыларға өңірлік полиция департаментімен бірлесіп, аталған жобалардың маңыздылығы мен тиімділігін мұқият зерделеуді тапсырды.

- Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық мәселелерді қамтитын және дер кезінде тәуекел аймақтарын анықтайтын кешенді жүйені бекіту қажет, - деді облыс әкімі.

Жамбыл облысы әкімдігі
15.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 146
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 141
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 146
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 333
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 326
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 949

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9024
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8420
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11648
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9404
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10630