ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА МҮЙІЗДІ ІРІ ҚАРАНЫ АСЫЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА МҮЙІЗДІ ІРІ ҚАРАНЫ АСЫЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылында облыс бойынша «Ауыл аманаты» жобасына енген елді мекендердегі мүйізді ірі қара малдарын қолдан ұрықтандыру мәселесі талқыланған жиын өтті.
Ашық аспан астында ұйымдастырылған шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек мүйізді ірі қара малын асылдандыру ісінің маңыздылығына тоқталды.
❗️Ветеринария және ауыл шаруашылығы басқармаларының қызметкерлері, аудан әкімінің орынбасарлары және аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдері, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің және «Асылдандыру-Тараз» ЖШС өкілдері, сондай-ақ Тараз қаласының және аудандардағы ветеринариялық станциясының өкілдері қатысқан шарада сала ғалымдары да өзекті әрі орамды ойларымен бөлісті.
🔹Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітеков өңірде 560 мыңға жуық мүйізді ірі қара бар екенін айта келе, аймақтағы 24 ауылдық округте мал басын асылдандыру бағытына тікелей облыс әкімінің қолдауымен 100 миллион теңге көлемінде қаражат бөлініп отырғанын жеткізді.
🔹Басқосу барысында облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек алдағы уақытта мал асылдандыру бойынша конкурстық жұмыстар ертерек жүргізілетінін жеткізді.
✅Шара соңында аграрлық сала мамандары ұрықтандыру ісімен тәжірибе жүзінде танысты.
Жамбыл облысы әкімдігі
24.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

 ШАРДАРАЛЫҚ 9 ОҚУШЫ РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША ИСПАНИЯДАҒЫ ЖАРЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.04.2024 18
СОЗАҚТА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ӨТУДЕ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.04.2024 27
Бақылау шараларының нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілді
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті - 24.04.2024 54

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 990
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7041
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10884
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7109
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7251