Жамбыл облысында өрт оқиғалары өршіп тұр

Жамбыл облысында өрт оқиғалары өршіп тұр
2023 жылдың 27-28 маусымында Жамбыл облысы ТЖД Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының «101» қызметіне төмендегідей шақыртулар түсті:
27 маусымда сағат 15.10-да Жуалы ауданы, Күреңбел ауылындағы жеке тұрғын үйдің ауласында сарайдың жанында жиналған шөп өртке оранған. Оқиға орнына №14 өрт сөндіру бекетінен 1 бірлік өрт сөндіру автокөлігі мен 2 өрт сөндіруші-құтқарушы шығып, өртті 35 минутта жойды. Өрттің ауданы 70 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан 200 түк (4тн) шөп жойылды.
Сонымен қатар, сағат 15.39-да Жамбыл ауданы, Қарасу ауылдық округінің шаруа қожалығының ауласында шөпхана, қора және жиналған шөп өртенген. Оқиға орнына №6 өрт сөндіру бөлімінен 2 өрт сөндіру автокөлігі мен 8 адам жеке құрам шыққан. Өрт сөндірушілер өртті 5 сағаттан астам уақытта жойған. Өрттің жалпы ауданы 290 шаршы метрді құраған. Өрт салдарынан қора, шөпхана және 2000 түк (30тн) шөп жойылды.
Ал 28 маусымда сағат 16.15-те Шу ауданы, Төле би ауылындағы жеке тұрғынүйдің ауласында жеңіл автокөлік өртенген. Оқиға орнына №19 өрт сөндіру бөлімінен 2 бірлік өрт сөндіру автокөлігі мен 6 адам жеке құрам шыққан. Өрт салдарынан автокөліктің қозғалтқыш бөлігі жойылды.
Дәл сол күні сағат 17.29-да Жамбыл ауданы, Ерназар ауылындағы жеке тұрғын үйдің шатыры өртенген. Өрттің ауданы 80 шаршы метрді құраған. Оқиға орнына №6 өрт сөндіру бөлімінен 2 бірлік өрт сөндіру автокөлігі мен 6 адам жеке құрам шығып, өртті жарты сағаттан астам уақытта жойған. Өрт салдарынан тұрғын үйдің шатыры жойылды, бөлмелері зақымдалды.
Облыстың өрт сөндіруші-құтқарушылары соңғы екі күн ішінде қураған шөп пен жану оқиғасына 45 рет, тұрғынүйді түтіннен тазарту жұмыстарына – 2 рет, тұрғындардың құлыптанып қалған есіктерін ашу жұмыстарына – 4 рет, полиция қызметіне көмек көрсету мақсатында – 2 рет шыққан.
Осыған байланысты облыс және қала тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды, ал үйден шығарда газ және электр құралдарын қуат көздерінен ажыратуды, мүмкіндігінше қарттар мен балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеміз. Сондай-ақ, шомылу маусымының басталуына байланысты тұрғындардың назарына сақтық шараларын сақтауға және су көздеріне жақын маңда тұратын балалардың қауіпсіздігін бақылауға шақырамыз. ал өрт немесе өзге де төтенше жағдай туындағанда "101", "112" телефон нөмірлеріне қоңырау шалу ақысыз негізде жүзеге асырылатынын еске саламыз.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті
29.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 136
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 173
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 170
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 136
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 281
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 283
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 498
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 456

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9153
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8552
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11779
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9547
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10760