ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ОТБАСЫ БАНК» ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ТҰРҒЫН ҮЙДІ СУБСИДИЯЛАУ БОЙЫНША 160 ӨТІНІШ МАҚҰЛДАДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ОТБАСЫ БАНК» ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ТҰРҒЫН ҮЙДІ СУБСИДИЯЛАУ БОЙЫНША 160 ӨТІНІШ МАҚҰЛДАДЫ
✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде Отбасы банк директорының орынбасары Жақсылықов Талғат айтты. Өтініштер онлайн режимде оtbasybank.kz порталына жолдануда. Өтініштер қабылданып, өңделіп жатқан платформа – бірегей, оның Қазақстанда баламасы жоқ.
©️©️©️
«Мемлекеттік қолдауға төрт санат бойынша кезекте тұрған қазақстандықтар өтініш бере алады: 1 және 2 топтағы мүгедектер; мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар; жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар; көп балалы отбасылар. Жалдау ақысын субсидиялауға үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс.Биыл азаматтарымызды қолдауға 50 млрд теңге қарастырылған. Жаңа бағдарлама шамамен 70 000 адамды қамтымақ, олар жалдау ақысының 50% алады. Қазақстандықтар қысқа мерзімде, кезексіз өтінім берулері үшін біз бүкіл процесті онлайн режиміне аудардық», – деп түсіндірді Талғат Қалдыбекұлы.
✳️Тағы бір талап – субсидия алуға үміткердің депозиті бар, Отбасы банк клиенті болуы тиіс. Жинақ шоты жоқ азаматтар бейнебанкинг қызметі немесе «Otbasy bank» мобильді қосымшасы арқылы оны аша алады.
Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі
26.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13862
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13814
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28940
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27604
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31114