Жамбыл облысында патриоттар форумы өтті

Жамбыл облысында патриоттар форумы өтті

Жамбыл облысында ҚР Мелекеттік рәміздері күніне орай «Туған жерім менің – Қазақстаным!» атты патриоттық форум ұйымдастырылды.

Салтанатты жиында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев тұрғындарды мерекемен құттықтады.

Форумда Мемлекеттік Гимн шырқалып, көк байрақ желбіреді.

- Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамас бөлігі. Тәуелсіздіктің бойтұмарына айналған мемлекеттік рәміздерді қадірлеп, құрмет көрсету – әрқайсымыздың парызымыз, қастерлі борышымыз!

Рәміздеріміз арқылы біз, бейбітшілік пен тыныштық, ізгілік пен татулықты ту еткен ел екенімізді бүкіл әлемге жеткіземіз.Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан патриоттар форумы биыл Жамбыл облысының 85 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Бүгінгі форум ел тұтастығын, тұрақтылық пен бірлікті одан әрі нығайтуға зор септігін тигізетініне сенім мол. Тәуелсіздігіміз баянды, Мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесі асқақ болсын! – деді облыс әкімі.

Шара барасында патриотизмді нығайтуға, өңірдің қоғамдық-саяси өмірінің дамуына үлес қосқан және бейбіт күннің батырлары атанған бірқатар азамат облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды.

Форум соңы К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филормониясы өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, патриоттық сарындағы әндер шырқалды.

Айта кетейік, осы тұрғыдағы түрлі шаралар облыстың барлық аудандарында да ұйымдастырылды.

Жамбыл облысы әкімдігі
04.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 35
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 83
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 35
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 40
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 35
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 77
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 83
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 277
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 273
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 894

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8972
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8366
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11592
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9350
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10576