Жамбыл облысында республикалық және жергілікті бюджет есебінен 14 су қойманың құрылысы жүзеге асады

Жамбыл облысында республикалық және жергілікті бюджет есебінен 14 су қойманың құрылысы жүзеге асады

Жамбыл облысында ағымдағы жылдың төрт айында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 102,9 мың бірлікті құрап, 37,7 пайызға артты.Жалпы, өткен жылдың қорытындысымен осы салада жұмыспен қамтылғандардың саны 151,9 мың адам, яғни 22,6 пайызға ұлғайған. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов осылай деді.

  Аймақ басшысының айтуынша, «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында 198 жобаға 10,7 млрд. теңге несие берілген. Сонымен қатар, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 70,7 млрд. теңгеге 190 жоба қаржыландырылды.

  Облыс әкімі өз сөзінде асыраушы сала – ауыл шаруашылығын қолдауға ағымдағы жылы 27,4 млрд. теңге қаржы бөлініп отырғанын да атап өтті. Аталған салада ағымдағы жылы салада 11 млрд. теңгеге 11 инвестициялық жоба іске асырылмақ.

Сондай-ақ, биыл облыстағы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 770,4 мың гектарға жетуде. Жыл қорытындысымен саладағы өнім көлемін 10, ал, техникамен жаңару деңгейін 12 пайызға  арттыру міндеті тұр.

«Жалпы 2025 жылға дейін 181,2 млрд. теңгеге 1964 жұмыс орны құрылатын 23 инвестициялық жобаны іске асыруды межелеп отырмыз.

Өңірде қант өндірісін дамытуға да аса мән берілуде. Мысалы, қант қызылшасы алқабының көлемін өткен жылмен салыстырғанда 5 мың гектарға ұлғайтып, 10 мың гектарға жеткізіп отырмыз. Бұл да өз кезегінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізері сөзсіз»,-деді Нұржан Нұржігітов.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының суармалы жер көлемін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес облыста суармалы егіс алқабын ұлғайту үшін ауқымды шаралар қолға алынған. Ол үшін арнайы Жол картасы бекітілді.  Карта аясында 2025 жылға дейін 124 мың гектар алқапты қалпына келтіру көзделуде.

Халықаралық қаржы институттары арқылы 40 млрд.теңге қаржы бөлініп33,9 мың гектар суармалы алқап қалпына келтірілді. Осы орайдағы жұмыстар жалғасуда.

«Сонымен қатар, 257 нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы 54,9 мың гектар алқапты айналымға қосуды көздеп отырмызБұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен
11, республикалық бюджет есебінен 3 су қоймасының құрылысы жүргізілетін болады»,-деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, облыста ауылшаруашылығы мақсатындағы су тапшылығын жоюдың бірден бір тетігі ретінде жерасты суы қорын пайдалану жұмыстары қолға алынған. Бұл бағытта 646 ұңғыма қазу жоспарланып, бүгінгі таңда оның 86-сы қазылған.

Жамбыл облысы әкімдігі
25.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда шөп орағы басталды
Жанысбек Арыстанбеков Әшір Бүркітбаев ауылы - 27.05.2023 90
АГРОСАЛАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы - 27.05.2023 34
Әскери міндеттілермен кездесу
Қордай ауданының әкімдігі - 27.05.2023 73

Топ жаңалықтар

1
Шыңғысханның төр мен босағаны сынауы
Show more
- 2023-05-27 63
2
Қарағанды да бос орындар жәрменкесі өтті
Show more
- 2023-05-27 63
3
Оралдық оқушы республикалық білім додасында жеңімпаз атанды
Show more
Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы - 2023-05-26 151
4
Жарты ғасыр тарихы бар - Маңғыстау газеті
Show more
Голрох Жеменей - 2023-05-25 312
5
Вейп пен электронды темекіге тыйым салу керек пе?
Show more
Нартай Сарсенғалиев, ФБ парақшасынан - 2023-05-23 494