Жамбыл облысында су үнемдеу технологиялары енгізілген алқап көлемі 65,8 мың гектарға жетеді

Жамбыл облысында су үнемдеу технологиялары енгізілген алқап көлемі 65,8 мың гектарға жетеді

Жамбыл облысында су үнемдеу технологиялары енгізілген алқаптар ұлғайып келеді. Өткен жылы тамшылатып және жаңбырлатып суару қондырғылары қолданылатын егістік көлемі 57,2 мың гектарға жетсе, ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 65,8 мың гектарға дейін арттыру көзделуде.

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен өткен су шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша кеңесте айтылды.

Басқосуда облыс әкімі су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тапшылығын шешу мақсатында 2026 жылға дейін кешенді жоспар бекітілгенін атап өтті. Биыл 72 ирригациялық жүйені қалпына келтіру жоспарлануда.

2019 жылдан бастап Халықаралық қаржы институттары есебінен 6 ауданда (Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Шу) жалпы құны 40 млрд.теңгені құрайтын 2 жобаны жүзеге асыру жалғасуда.

Нұржан Нұржігітов су ресурстарын тиімсіз пайдалану және гидротехникалық құрылыстардың жоғары тозуы мәселелерін шешу үшін елімізде 2024-2030 жылдарға арналған су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың тұжырымдамасы қабылданғанын, жаңа Су кодексі әзірленгенін жеткізді.

Министр өз сөзінде су қоймаларындағы жөндеу-құрылыс жұмыстарының барысын бақылауды күшейту, су үнемдейтін технологияларды белсенді енгізу, су шығынын азайту және өнімділікті арттыру мәселелеріне кеңінен тоқталды.

Ал облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек өңірдегі су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жөнінде хабардар етті. Оның айтуынша, 2026 жылға дейін облыста жалпы сыйымдылығы 43,2 млн. текше метрді құрайтын 12 жаңа су қоймасын салу көзделуде. Бүгінде Меркі ауданында орналасқан 3 су қоймасының құрылысы аяқталуға жақын.

Жалпы, 2023 жылы «Жамбыл су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі 13 су қоймасы ағымдағы жөндеуден өтсе, биыл дәл осындай 9 нысанды жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Қазіргі таңда Жасөркен ауылындағы гидрологиялық бекеті қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталған.

Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары су үнемдеу технологиялары енгізілген алқаптардың көлемі ұлғайып келе жатқанын жеткізді. Былтыр су үнемдеу технологиялары енгізілген егіс алқабы 57,2 мың гектардан асса, осы жылы бұл көрсеткішті 65,8 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда.

Жиын барысында су ресурстарын реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясының басшысы Талғат Ибраев, «Қазсушар» облыстық филиалының директоры Асқанат Қадыров және бірқатар жеке сектор өкілдері өз ойларын ортаға салды.

Жамбыл облысы әкімдігі
07.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 38
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 54
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 43
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 131
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 324
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 317
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 941

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9013
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8409
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11634
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9392
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10619