Жамбыл облысында тауарлы балық өндірісін 3000 тоннаға жеткізу көзделуде

Жамбыл облысында тауарлы балық өндірісін 3000 тоннаға жеткізу көзделуде

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Қордай ауданы Сортөбе ауылындағы «Korday Fish» және «Taraz Eko Fish» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Екеуі де балық, оның ішінде форель өнімдерін  өндіруге бағытталған.

2020-2021 жылдары жүзеге асқан «Korday Fish» жобасына мемлекет тарапынан 3,8 га жер телімі бөлінген. Жылына 500 тонна балық өндіруге қауқарлы серіктестік консервілеу цехын да іске қосуға ниетті. Қазіргі таңда 800 мың шабақ жеткізілсе, тағы 4 млн. шабаққа тапсырыс берілген.

Ал, «Taraz Eko Fish» ЖШС-інде 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 5 га жерге орналасқан жоба қуаттылығы жылына 60 тонна балық өнімдерін өндіруге шақталған.

Айта кетейік, бүгінде Жамбыл облысы аумағында балық шаруашылығымен айналысуға ниетті кәсіпкерлердің саны күннен күнге артып келеді. Осы саланы дамыту мақсатында Жамбыл облысының балық шаруашылығын дамыту өңірлік бағдарламасы әзірленді. Бағдарламаға сәйкес, 2022 жылы облысымыздың аумағындағы 464,3 тонна тауарлы балық өндіру жоспарланып, артығымен орындалды (483 тонна). Оның ішінде 436 тонна форель балығы, 47 тонна тұқы тұқымдас балығы бар.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы бағдарламаға сәйкес  666,1 тонна тауарлы балық өсіру көзделуде. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, аталған жоспардағы көрсеткішке жету үшін 4,7 млн. дана балық шабағы қажет (1,9 млн. дана форель, 2,8 млн. дана тұқы). Қажетті шабақтар облысымыздағы «Сандель», «Арнұр», «Алтын бұлақ» шаруа қожалықтарының және Шардара, Қапшағайда орналасқан балық өсіру тәлімбақтарынан алынатын болады. Бұл бағыттағы жұмыстар қазірдің өзінде қолға алынған. ​Жалпы, балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы бойынша 2024 жылы 1375,9 тонна тауарлы балық өндірісі жоспарланса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 3000 тоннаға жетеді деп күтілуде. Ол үшін 18 инвестициялық жоба қолға алынуда. Сондай-ақ,  кәсіпкерлерге мемлекеттен түрлі қолдаулар көрсетілуде. Мәселен, 2022 жылы жергілікті бюджеттен акваөсіруді субсидиялауға 78,2 млн. теңге қаражат бөлінген. Оның ішінде жергілікті бюджеттен балық жемдерін сатып алуға кететін шығындардың 30 пайызын субсидиялауға 45,1 млн. теңге, балық шабағына 33,1 млн. теңге бағытталып, толығымен игерілді. Ал, 2023 жылы акваөсіруді субсидиялауға 281 млн.тенге қаралуда.

- Балық шаруашылығын дамыту – өңдеу цехтарын ашуды қажет етеді. Облысымызда балық өңдеумен айналысатын екі балық зауыты бар. Олар:  Мойынқұм ауданында орналасқан Мыңарал балық зауыты мен Меркі ауданында орналасқан Меркі балық зауыты. Екі зауытта жылына 1500 тонна балық ресурстарын өңдеуге қауқарлы. Сонымен қатар, ағымдағы жылы «ALFISH» ЖШС-гі Мойынқұм ауданы, Мыңарал станциясының маңынан жылына 1000 тонна балық өңдеуге қуатты цехтың құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Облыс аумағында жалпы сомасы 1,9 млрд. теңге болатын, жалпы қуаттылығы 1828 тонна беретін 18 жаңа инвестициялық жоба жұмысы ұйымдастырылуда. Оның ішінде, 8 карп балығын өсіру, 9 форель балығын өсіру және 1 африкалық жайын, бекіре балығын өсіру шаруашылығы бар,-деді табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Данияр Башанов.

Жамбыл облысы әкімдігі
07.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 115
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 128
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 219
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 219
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 356
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 356
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 587
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 530

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9236
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8632
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11858
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9629
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10841