Жамбыл облысында жол көлік оқиғаларының көрсеткіші төмендеді

Жамбыл облысында жол көлік оқиғаларының көрсеткіші төмендеді

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрмет Мәжікенов ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша тіркелген жол көлік оқиғаларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,9 пайызға төмендегенін жеткізді.

Статистикаға сәйкес жол-көлік оқиғаларының 70 пайызы ескі көліктердің қатысуымен орын алған.

Жамбыл облысы халықаралық транзиттік көлік дәлізі болып табылады десек, жұмыс күндері тәулігіне облыс аумағы бойынша 25 мыңнан астам автомобиль, демалыс күндері 45 мыңнан астам автомобиль өтеді. Батыс Еуропа-Батыс Қытай автожолының 450 шақырымдық бөлігінде қызметтік көліктегі патрульдік полиция қызметкерлері көлік колонналарын алып жүреді. Полицейлер жүргізушілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруда.

Республикалық автомагистральдарда қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 20 «АвтоСканАр» және «Аркан» мобильдік кешендері орнатылған. Мобильді кешендердің арқасында ағымдағы жылдың 6 айында жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға жалпы көлемі 747 млн. теңге айыппұл салынған десек, оның 614 млн.теңгесі (82,2%) өндірілген.

Автожолдарды тиісінше дұрыс күтіп-ұстамағаны үшін 200-ден астам лауазымды тұлға мен 179 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өзекті мәселелерге тоқталған Құрмет Мәжікенов автомобиль жолдары бойында кең жолақты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету, жолдарға малдың шығып кетуінің алдын алатын «электропастух» құрылғысын орнату, автотұрақтарды жарықтандыру, жол жүру ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы жол белгілері мен билбордтарды орнату, жол бойындағы сервис нысандарын салу мәселелеріне назар аудартты.

Сондай-ақ, полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин ЖКО жиі тіркелетін аумақтарда дыбыстық жолақтарын орнату маңыздылығын атап өтті.

Облыс әкімі ЖКО алдын алу бойынша жұмыстарды күшейту қажеттігін баса айтып, «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ филиалының жұмысын сынға алды.

- Көрсеткіш әлі де көңілден шықпайды. Нәтиже үшін тиімді әрі нақты жұмыс керек. Себебі, құрғақ сандардың артында адам өмірі тұр. Барлық көтерілген мәселелер бойынша жұмыс жүргізу қажет. Полиция қызметкерлері алдын алу жұмыстарын күшейтіп,  кім болса да, барлық жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды қатаң жауапкершілікке тартуы тиіс, - деді Нұржан Нұржігітов.

Аймақ басшысы жол оқиғаларының алдын алудағы жүйелі жұмыс жүргізу мәселелері бойынша бірқатар аудан әкімдерінің жауаптарын да тыңдады.

Кеңес барысында есірткі бизнесіне, адам саудасына қарсы күрес мәселелері бойынша ПД бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев баяндама жасады. Есепті кезеңде 286 есірткі құқық бұзушылығы анықталған. Полиция қызметкерлері 2 тонна 504 келі есірткі заттарын тәркілеген десек, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 тоннаға көп.

Жамбыл облысы әкімдігі
11.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 129
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 167
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 163
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 129
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 273
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 277
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 490
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 449

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9148
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8546
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11774
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9540
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10754