Жамбыл облысында жыл басынан бері 19 мыңға жуық жұмысшының жалақысы 18 пайызға өсті

Жамбыл облысында жыл басынан бері 19 мыңға жуық жұмысшының жалақысы 18 пайызға өсті

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті.

Басқосу барысында еңбек қатынастарын реттеу, жалақыны уақытылы төлеу, еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту, жұмысшылардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін сақтау мәселелері қаралды.

Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Жарылқасын Айтақов әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу және шешу бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.

Ағымдағы жыл басынан бері облыстағы 635 кәсіпорын 18 511 жұмыскердің жалақысын орта есеппен 18 пайызға өсірген.

6 кәсіпорында 394,1 млн.теңге көлемінде жалақы бойынша берешек анықталып, бүгінде ол жұмысшыларға толығымен төленді. Бұдан бөлек 290 қызметкердің еңбек құқығы қорғалған.

Сондай-ақ, жиында Тараз қаласы мен аудан әкімдері, кәсіпорын өкілдерінің есептері тыңдалды.

– Кез келген қиындықтарға қарамастан, кәсіпорындар бірінші кезекте жұмысшыларға жалақыны уақтылы төлеуге міндетті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жалақыны жыл сайын көбейту маңызды,-деді Нұржан Нұржігітов.

Облыс әкімі аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жұмысын саралап, реформалауды тапсырды.

Сонымен қатар, жауапты тұлғаларға еңбек жанжалдарының ошақтарын анықтау, олармен жан-жақты жұмыстар жүргізу, мәселелерді шешу бойынша жедел шаралар қабылдау жүктелді.

Жамбыл облысы әкімдігі
22.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 55
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 47
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 164
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 164
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 308
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 530
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 480

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9183
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8582
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11810
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9579
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10791