Жамбыл облысының агроөнеркәсіп кешенінде жаңартылатын энергия саласы белсенді дамып келеді.Бір ғана Талас ауданында бірден үш жел электр станциясы салынуда

Жамбыл облысының агроөнеркәсіп кешенінде жаңартылатын энергия саласы белсенді дамып келеді.Бір ғана Талас ауданында бірден үш жел электр станциясы салынуда

Қызыләуіт ауылдық округінде бірден үш жел электр стансасын салу үшін жер телімдері бөлінді – әрқайсысының қуаты 4,5 МВт, жобалық құны 1,8 млрд теңге. Барлық үш құрылыс алаңы бұрын салынған тоғыз мегаваттық екі жел электр станциясының жанында орналасқан. Биыл 13,5 мегаватт үш станция салып жатырмыз, – деді спикер.
️Қазіргі уақытта қондырғылардан өндірілетін электр энергиясын жинау үшін үлкен электр станциясы салынуда. Жел электр станцияларына арналған жабдықтар Даниядан жеткізілді. Жаңартылатын энергия нысандары 2022 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Алдағы уақытта қондырғылар санын көбейтіп, қуаттылығын 30 мегаватқа жеткізу жоспарлануда.
Жаңартылатын энергия көздері бойынша бұл жобалар ауданның әлеуметтік және экономикалық әлеуетін айтарлықтай арттырады. Жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындары ашылады, – деді Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков.
✔️Жамбыл облысы күннің, желдің және судың әлеуетін пайдалану жөнінен республикада тұрақты жетекші орынды иеленіп келеді. 2009 жылы Қазақстанда «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау туралы» Заңның қабылдануымен қуаттылығы 7-ден 300 МВт-қа дейінгі су, жел және күн электр станцияларын салу бойынша оннан астам инвестициялық жобалар жүзеге асырылды.

Талас ауданы әкімдігі
12.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 258
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 392
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 388
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 618
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 561

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9263
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8659
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11886
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9657
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10868