Содан кейін ол фронт-офис пен тирді аралап, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау жағдайымен танысты.
Сонымен қатар, облыс әкімінің қатысуымен кеңес өтіп, бірқатар проблемалық сұрақтар талқыланды. Оның бірі — кадрлардың жетіспеушілігі мәселесі болды.
Сондай-ақ, Тараз қаласының көше-жол желісін зерделеуге қатысты мәселелер көтерілді. 2022 жылы қала аумағында 48 «Сергек» камерасын орнату жоспарлануда.
— Өздеріңіз білетіндей, сервистік модельде полиция мен қоғам арасындағы байланыстырушы буын ретінде учаскелік инспекторға басым рөл беріледі. Облыс орталығының аумағында барлығы 30 учаскелік полиция пункті орналасқан, 138 учаскелік полиция инспекторы, 29 УПИ көмекшісі бекітілген.
Норма бойынша олардың әрқайсысына бекітілген учаскедегі халық саны 3200 адамнан аспауы тиіс. Алайда, олардың бұдан екі есе көп тұрғынды қамтуларына тура келуде, — деп атап өтті Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин.
Жиын барысында ювеналдық полицияның жұмысы және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қауіпсіз білім беру ортасын құру мәселелері де айтылды.
Қала мектептерінде барлығы 2027 бейнебақылау камералары орнатылған. Барлық мектептерде дабыл түймесі бар.
Кеңес қорытындысы бойынша Нұржан Молдиярұлы облыс әкімдігі басқармаларының басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі полиция қызметкерлеріне жұмыста сәттілік тілеп, олардың қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөліне тоқталып, халықтың полицияға деген сенімін үнемі арттыру қажеттігін атап өтті.