Жамбыл облысының дамуының негізгі көрсеткіштері

Жамбыл облысының дамуының негізгі көрсеткіштері

Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының дамуының негізгі көрсеткіштері туралы баяндады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен өткен брифинг барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелерін атап өтті.

Жалпы, облыстың экономикалық көрсеткіштерінің өсімі оң динамиканың сақталып отырғанын көрсетеді. Өңірдің ЖӨӨ көлемі 6,1 пайызға өсіп, 1,3 трлн. теңгеге жеткен. Атап айтқанда, байланыс қызметтері - 8,1 пайызға, құрылыс - 11,1 пайызға, сауда - 2,6 пайызға артты.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 0,6 пайызға ұлғайып, 695 млрд. теңгені құрады, ондағы басым үлес өңдеу өнеркәсібіне тиесілі (71%). ТМК - 17,1 пайызға, химия өнеркәсібі - 7,3 пайызға, жеңіл өнеркәсіп - 5,8 пайызға, құрылыс индустриясы - 0,6 пайызға өскен.

- Ағымдағы жылдың 10 айында шамамен 365 млрд. теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға артық. Бүгінгі таңда облыстың инвестициялық портфелі жалпы көлемі 2,3 триллион теңгені құрайтын 69 жобаны қамтиды десек, оларды 2026 жылға дейін іске асыру жоспарланған. Ағымдағы жылы 87 миллиард теңгеге 20 жоба іске асуда, – деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.

Облыс әкімі инвестиция тартудағы қолға алынған шаралар мен жаңа тәсілдерді де баяндады.

- Біз кездесетін кедергілердің алдын алуға, инвестициялар тарту бойынша жұмысымыздың тиімділігін арттыруға ниеттіміз. Бұл ретте бизнес-үдерістер қайта құруды қолға алып, «бір терезе» қағидатын іске қостық. Аудан әкімдері үшін жаңа KPI жүйесі енгізілді, бұл олардың жұмысының тиімділігін инвестиция тарту көрсеткіштері бойынша бағалауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда ірі жобалардың іргесінде кластерлерді қалыптастыруға баса назар аударылуда, сол арқылы біз жергілікті шағын және орта бизнестің қатысуымен қосалқы өндірістерді дамытуға жағдай жасайтын боламыз. Нақтырақ айтқанда, бой көтеріп жатқан зауыттардың маңында шағын және орта өндірістер құруды жоспарлап отырмыз, - деді Ербол Қарашөкеев.

Айта кетейік, облыста жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларға айрықша ден қойылған, бұл бойынша өңір еліміздегі алдыңғы қатарлардан орын алады. Облыста жалпы қуаты 451,3 МВт болатын 21 ЖЭК нысаны жұмыс істеуде.

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 24,5 млрд. теңгеге 2,1 мың жобаға қолдау көрсетілді. Өңірде ШОБ санының 25,5 пайызға өсімі байқалса, онда жұмыспен қамтылғандар саны 23,6 пайызға, ШОБ субъектілерінің өнімдері мен қызметтерінің көлемі 22 пайызға артты.

Жамбыл облысы
05.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 88
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 91
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 200
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 204
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 418
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 381
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 1000

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9075
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8473
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11699
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9462
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10680