Жамбыл облысының диқандарына құрғақшылық салдарынан келген шығын өтеледі — Әлихан Смайылов

Жамбыл облысының диқандарына құрғақшылық салдарынан келген шығын өтеледі — Әлихан Смайылов

Жамбыл облысында жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жергілікті егіншілермен кездесті. Сеңкібай су арнасы құрылысының барысын тексеріп, вегетациялық кезеңде суды пайдалану тиімділігін арттыру шараларымен танысты. 

Әлихан Смайыловтың өңірлік ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесуі барысында субсидиялау, ауыл шаруашылығы техникасы мен минералды тыңайтқыштар сатып алу, егістік сумен қамтамасыз ету және басқа да бірқатар мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, құрғақшылық салдарынан болған егін шығынын өтеу туралы мәселе көтерілді. 

Премьер-Министр қазіргі уақытта өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай жариялау және Үкімет резервінен қаражат бөлу есебінен фермерлердің шығындарын өтеу мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті. 

«Жоспар бойынша қыркүйек айының соңына дейін барлығы есептеліп, тиісті қаражат бөлінетін болады. Сондай-ақ республикалық бюджеттен субсидияларға қаржы бөлу және оларды кешіктірмей төлеу мәселесін жылдамдатып жатырмыз. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының бақылауында», — деді Әлихан Смайылов. 

Тағы бір мәселе «Жасөркен» гидробекетін қалпына келтіруге қатысты болды, ол суды әділетті бөліп, есепке алуға мүмкіндік береді. Премьер-Министр ол үшін Үкімет резервінен 450 млн теңге қаражат бөлу туралы тиісті министрлікке және әкімдікке тапсырма берілгенін хабарлады.

«Бұл жұмысты биыл бастау керек», — деді ол. 

Тағы бір сұраққа жауап бере отырып, Әлихан Смайылов қазіргі уақытта ұңғымаларды қазуға кеткен шығындарды өтеу үлесін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайту мүмкіндігін қарастырып жатқанын атап өтті. 

Өңірде суармалы жер көлемі 181,8 мың гектарды құрайды, 2025 жылға қарай инфрақұрылым нысандарын жөндеу және 14 жаңа су қоймасын салу есебінен тағы 54,9 мың гектарды айналымға енгізу жоспарланып отыр.

Суды тиімді пайдалану мақсатында қазірдің өзінде 54,3 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 57 мың гектарға жеткізу жоспарланған. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов жерасты суларын тиімді пайдалану, ұңғымаларды бұрғылау және басқа да су үнемдеу шараларын жүзеге асыру басты назарда екенін айтты. 

Диқандарды ылғал үнемдейтін технологияларды қолдануға ынталандыру үшін инвестициялық субсидиялар түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Ол заманауи суару жүйелерін сатып алуға жұмсалған шығындардың 50%-ын өтеуді, сондай-ақ барлық қажетті инфрақұрылымды жүргізуді көздейді. Бірнеше жыл ішінде 385 шаруа қожалығы 5 млрд теңгеге көлемінде қолдау көрсетілді. 

Сонымен қатар жалпы көлемі 53,9 мың га аумақта маңызы бар суару каналдарын, дренаждық жүйелерді және басқа да құрылыстарды қайта жаңғырту және салу бойынша жобаларды пысықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, ұзындығы 21,8 шақырым болатын Сеңкібай каналы 4 мың га суармалы жерді сумен қамтамасыз етеді. 

Сондай-ақ ҚР Премьер-Министріне «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысы туралы ақпарат берілді. Мемлекет басшысының қолдауымен әзірленген жоба 2019 жылы Жамбыл облысында іске қосылып, өзінің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәлелдеді. Жалпы, 2019-2023 жылдар аралығында облыс бойынша оны жүзеге асыруға 42,3 млрд теңге бөлінді. Соның нәтижесінде 50 ауылдық округтен 11 мыңға жуық адам өз кәсібін ашты.

Жамбыл облысы әкімдігі
11.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 108
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 143
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 142
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 108
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 252
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 255
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 466
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 428

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9128
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8525
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11752
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9520
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10733