ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ XI-ШІ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМЫ ӨТУДЕ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ XI-ШІ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМЫ ӨТУДЕ

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Мемлекет, қоғам, бизнес

Әділетті қазақстанды құрудағы әріптестік» атты  Жамбыл облысының XI-ші азаматтық форумына қатысты.

Форумға Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, сондай-ақ Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарының қоғам белсенділері қатысты.

Бүгінгі таңда облыста 878 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Азаматтық форум ҮЕҰ-ды одан әрі дамыту және азаматтық сектор мен билік органдарының өзара іс-қимылын нығайту үшін стратегиялық міндеттер қалыптастырылатын негізгі диалог алаңы болып табылады.

Жиынға қатысқан аймақ басшысы аталған форум жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес сектор арасындағы жаңа форматтағы ынтымақтастықтың бастауы болатынын атап өтті.

– Үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдардың күш-жігерін біріктіру  «Естуші мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды тетіктерінің бірі болып табылады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтық қоғамды ең өзекті мәселелерді талқылап оны шешуде қолдау керектігін  баса айтты.

Үкіметтік емес сектор елімізде демократиялық принциптерді нығайтуда және әлеуметтік мәселелерді шешуде өз үлесін қосуда. Алдағы уақытта да облыс тұрғындарының игілігі үшін бірлесе жұмыс істейтінімізге күмәнім жоқ», — деді Ербол Қарашөкеев жиынға қатысушылар алдында.

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрінің міндетін атқарушы Данияр Қадыров форум қатысушыларына мемлекетіміз әлеуметтік бастамаларды әрқашан қолдайтынына сендірді.

Сондай-ақ Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, «SHEBER SHANYRAQ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Анар Бексұлтанова, «Жамбыл облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Исламбек Дастан да  сөз сөйледі.

Шара соңында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Еріктілер, қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, Құрмет грамоталарымен, Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хаттарымен, Қазақстанның Азаматтық Альянсының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ форум барысында үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету шараларын, соның ішінде гранттарды қаржыландыру және маңызды жобаларды жүзеге асыру мақсатында өңірдегі бірнеше ірі кәсіпорындармен үшжақты меморандумға қол қойылды.

Үкіметтік емес бірлестіктердің қоғамдағы рөлін талқылау панельдік секцияларда жалғасты. Қатысушылар «Тараз – қолөнершілер қаласы» көрмесін де тамашалады.

 

Жамбыл облысы әкімдігі
11.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 96
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 130
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 131
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 96
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 239
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 243
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 456
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 418

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9117
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8514
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11742
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9509
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10722