Жамбыл полицейлері 18 қару мен 900-ден астам оқ-дәрі тәркіледі

Жамбыл полицейлері 18 қару мен 900-ден астам оқ-дәрі тәркіледі

2023 жылғы 4 қаңтардан бастап Жамбыл облысының полиция қызметкерлері әртүрлі калибрлі 18 бірлік қару мен 900-ден астам оқ-дәрілерді тәркіледі.

Тәркіленген қарулардың арасында «АК-74» маркалы автомат, «АКС-74У» автоматы, «Benelli Argo 30-06» маркалы мылтық, «ПМ» тапаншасы, «Mossberg» қаруы, «ТОЗ-16» қаруы, «ИЖ» 16 калибрлі қаруы, «Reg agent»  револьвері, «Бекас-2» маркалы бір оқпанды тегіс ұңғылы мылтық, газ тапаншасы, «Байкал» маркалы травматикалық тапанша, «МР-79-9тм» газ-травматикалық тапанша, екі тегіс ұңғылы аңшылық мылтығы, жарық-шулы гранатасы, тапанша оқжатарлары және әртүрлі калибрлі 901 оқ-дәрі бар.

Мысалы, 10 қаңтарда полиция қызметкерлерімен қаланың шағын аудандарының бірінің жанындағы бос жерде қапшықтан 7,62 мм калибрлі «АК-74» маркалы автомат, 9 мм калибрлі 6 оқ-дәрісі бар «ПМ» тапаншасы және 12 калибрлі 6 оқ-дәрісі бар «Бекас-2» маркалы бір тегіс ұңғылы мылтық табылды.

Сонымен қатар 15 қаңтар күні сағат 14.35 шамасында Шу аудандық полиция қызметкерлерімен Төле би ауылындағы қараусыз қалған ғимараттың бірінен қару-жарақ жасырынған орын анықталды.

Оқиға орнынан 1-дана «Mossberg» қаруы,  2-дана «ТОЗ-16» калибрлі, 1-дана  «ИЖ» 16 калибрлі, 1-дана «ТОЗ» 16 калибрлі, 1-дана «ПБ-4»-1 мл калибрлі 18х45, 1-дана Револьвер «Reg agent» кл-9мм атыс қарулары және 2-дана жасауратқыш дыбыстық гранаталары, 308 дана оқ-дәрілер табылды. Оған қоса өткен жылғы қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысы Полиция департаментінен ұрланған 1 дана 9мм «ПМ» тапаншасы табылып алынды.

Бұдан басқа, жедел ақпаратты пысықтау барысында Шу қаласында полиция қызметкерлері 21 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тексеру кезінде одан бір оқжатары бар "Байкал" маркалы тіркелмеген травматикалық тапаншасы табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ, "102" пультіне Тараздың 41 жастағы тұрғынынан үй маңындағы электр бағанының жанынан оқ-дәрілері бар сөмке тапқаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыруға келген полиция қызметкерлері аталған сөмкенің ішінен 7,62 мм калибрлі 509 оқ-дәріні анықтады.

Барлық қару-жарақ пен оқ-дәрілер сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Жамбыл облысының полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

19.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 229
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 365
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 365
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 596
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 539

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9242
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8639
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11865
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9636
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10847