Жамбылда атқарылар жұмыс көп

Жамбылда атқарылар жұмыс көп

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қ.Қ. Мәдібектің өңірлік коммуникациялар қызметіндегі жұмыстарын назарларыңызға ұсынамыз. 

Ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік, жер қатынастары, табиғат пайдалануды реттеу, ветеринария және туризм салаларындағы жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы айтамыз. Биыл жалпы өңірлік өнімі бірінші жартыжылда 1,0 трлн теңгеден асты. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 110,6% деңгейінде 

(778,9 млрд теңге) қалыптасты. Ауылшаруашылығында 562,6 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Өсім 6,1%. Ауыл шаруашылығына 32,0 млрд теңге бөлінді. (2021 жылы 19,4 млрд теңге). Дақылдар 756,2 мың гектарға орналастырылды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 5,4 мың гектарға артық (2021 ж. 750,8 мың га). 371,1 мың га масақты дәнді дақылдар орылып, жалпы түсім 633,4 мың тоннаны құрады (орташа өнімділік көрсеткіші гектарына 17,1 центнер) 1576,0 мың тонна көкөніс дақылдары, 290,2 мың тонна картоп өнімі жиналды. 1,1 тн астам пияз алынды. 

 

Мал саны артып, ет өндірісі ұлғайды 

1,7 мың тонна ет экспортталды (жоспар – 3000 тонна). 2021 жылы 

4,9 мың тонна ет экспортталды. 2022 жылы құны 17,9 млрд теңгені құрайтын 

14 инвестициялық жобаны жүзеге асырып, 281 жұмыс орнын құру көзделуде. («ӘУЛИЕ АТА ФЕНИКС» ЖШС, «Жуалы 2020» АШК, «Алатау сүт өнімдері» АШК, «Бағдат» ШҚ, «Мол Даму» АӨК, «Мухамбет» ШҚ, «АЗИЯ САД» ЖШС, «Гүлдер» ШҚ, «Bester Yard» ЖШС, «Ар-Ас» ШҚ, «Элнур Адил Групп» ЖШС, «МАТЫШЕВ» ЖК, «Вкусная Корзинка» ЖШС, «ОРЦ Тараз» ЖШС) 5,5 мың гектар қант қызылшасы егіліп, (оның ішінде қант қызылшасы астындағы су үнемдеу технологиялары жаңбырлатып суару алаңында – 1200 га және тамшылатып суару алаңында – 1850 га енгізілді), оның 4,5 мың гектарынан 187,2 мың тонна қант қызылшасы жиналды. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаулардың нәтижесінде алдағы жылы қант қызылшасы алқабын 10 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Суармалы алқаптарды қалпына келтірудің жол картасы әзірленді.

«Ауыл аманаты» деген атпен таратылып отырған оң тәжірибе бойынша 2025 жылға дейін барлық ауыл тұрғындарын (139 ауылдық округтің 695 мың тұрғыны және 109 777 аула) қамти отырып, пилоттық жобаны одан әрі жалғастыруда.

Ол үшін 75,5 млрд теңге бөлу қажет етіледі. 87,0 мыңнан астам жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бар. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,4%-ға артық. Оларда жұмыспен қамтылғандар 130,0 мыңнан асты. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 311,3 млрд теңгенің өнімін өндірді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 113,4 %-ды құрады. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 69,0 млрд теңгеге 188 жоба қаржыландырылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының инфляциясы жыл басынан бері 21,7% (ҚР-21,6%) құрады.

 

Ветеринариялық іс-шараларға 1,94 млрд  теңге бөлінді

Малдың саны 4,4 млн басты құрады. Бұл –  республикадағы екінші көрсеткіш.

Мемлекеттік тапсырыспен малдың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар шеңберінде 20,7 млн вакцинациялау және 5,6 млн диагностикалық  жұмыстар жүргізілді. Бруцеллез ауруына шалдыққан 406 бас ауылшаруашылығы жануарлары қолданыстағы санитариялық талаптарға сай сойылып, қайта өңдеуге жіберілді. Жалпы ауруға шалдығу былтырғы жылмен салыстырғанда 34,0 пайызға төмен. Ветеринариялық іс-шаралар нәтижесінде 5 ауру түрінен 10 ошақ анықталды. 

Оларда ветеринариялық талаптарға сай карантин және шектеу қабылданды. Сауықтыру жүргізілді.

Қазір эпизоотиялық ахуал тұрақты және қатаң бақылауда. Жайылым жерлердің пайдаланылуын зерделеу барысында 683 мың га жайылым жер жетіспейтіндігі анықталды. Жер кодексіне (36-бабы) сәйкес ауылдық округ теңгеріміне босалқы жерлер санатындағы 170,0 мың га жерді беру жұмыстары жүргізілуде. 

 

Тараз – алғашқы қолөнершілер қаласы 

Бүгінде туризм саласының дамуына ерекше көңіл бөлініп отыр. Ірі туристік аймақтардың ашылуы, туристік бизнес өкілдерімен ұсынылып отырған қызмет түрлерінің кеңеюі, орналастыру орындары санының көбеюі, ішкі туристік ағындардың өсуіне өз септігін тигізуде. Жылдың басынан облысқа 100,0 мыңға жуық турист келген екен. Оның 1,5 мыңы шетелдіктер. Облыс аумағында 3 448 тарихи-мәдени ескерткіштер орналасқан. Оның 25-і республикалық дәрежедегі нысандар. 5 археологиялық ескерткіш ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген. Сонымен қатар, облыс аумағында 200-ден астам ежелгі қалашықтар, 8 ерекше қорғалатын табиғи аумақ, ал, тау бөктерлерінде 30-дан астам шатқалдар орналасқан. Негізгі туристік нысандар саны 37 болған болса, қазір біз ол нысандар санын 65-ке жеткіздік, 45 жаңа туристік маршруттар әзірленіп, туристік өнімдердің саны 115-ті құрап отыр. Қазіргі уақытта облыс бойынша 206 қонақүй, 434 тамақтану орындары, 7 шипажай, 15 демалыс орындары, 11 балаларды сауықтыру лагерьлері, 24 туристік ұйым, 78 қолөнершілер мен 25 көлік субъектісі жұмыс атқарады. Ағымдағы жылдың 1 қазанында киелі Тараз қаласы Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне ресми түрде енгізіліп, Қазақстанның алғашқы қолөнершілер қаласы статусына ие болды. Бұл іс-шараның өтуі біздің аймақтың мәдени-туристік саласындағы ең ірі оқиғалардың бірі деп санауға болады! Алдағы уақытта бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Қ.Қ.МӘДІБЕК, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
19.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 95
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 38
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 43
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 37
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 90
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 95
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 290
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 284
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 905

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8982
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8377
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11602
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9360
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10586