Жамбылда әз-Наурыз мерекесіне арналған шаралар басталды

Жамбылда әз-Наурыз мерекесіне арналған шаралар басталды
 

Жамбыл облысында Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесін тойлау басталды. Облыс орталығынан бөлек барлық қала, аудандарда да түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, көктем мерекесі лайықты түрде атап өтілуде.

Амал мерекесіне орай бүгін А. Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрында «Төрткүл Ханзадасы» ертегісі және «Наурыз думан» балаларға арналған қойылымның премьерасы өтті.

Ақын Сәнтөре Пірмановтың тарихи аңыз негізінде саханаланған «Төрткүл Ханзадасы» ертегісінде қазіргі Тараз қаласының аумағында орналасқан «Төрткүл» көне қалашығында болған оқиға баяндалады. Оқиғада ел билеушісі – Ханның ұлы Ханзаданың ел басқаруды қолына алғандағы және өзіне жар таңдаудағы дүйім жұртты таң қалдырған тапқырлығы, ақыл-парасаты ұтымды суреттеледі.

Ертегі-қойылым жас көрермендер мен бүлдіршіндерді туған елі мен жерін, отанды  сүюге тәрбиелеп, ата-баба аманатына берік болуға шақырады. Бұдан соң қойылымнан әдемі әсер алған балаларға «Наурыз думан» мерекелік шарасы ұйымдастырылды.

Мұнда Қыдыр ата, Ұмай ана, Наурызбек, Күн, Түн, Ақпан-Тоқпан кейіпкерлері кішкентай көрермендердің көңілін баурап, табиғаттың тамаша көріністерімен қызықтырды.


Мерекелік шара ән-бимен көмкеріліп, бірлік пен береке ұғымдарының мән-маңызын айшықтай түсті.


Наурыз мерекесіне арналған түрлі деңгейде шараларды ұйымдастыру қала, аудандарда да жалғасуда.

14.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда шөп орағы басталды
Жанысбек Арыстанбеков Әшір Бүркітбаев ауылы - 27.05.2023 90
АГРОСАЛАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы - 27.05.2023 34
Әскери міндеттілермен кездесу
Қордай ауданының әкімдігі - 27.05.2023 73

Топ жаңалықтар

1
Шыңғысханның төр мен босағаны сынауы
Show more
- 2023-05-27 63
2
Қарағанды да бос орындар жәрменкесі өтті
Show more
- 2023-05-27 63
3
Оралдық оқушы республикалық білім додасында жеңімпаз атанды
Show more
Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы - 2023-05-26 151
4
Жарты ғасыр тарихы бар - Маңғыстау газеті
Show more
Голрох Жеменей - 2023-05-25 312
5
Вейп пен электронды темекіге тыйым салу керек пе?
Show more
Нартай Сарсенғалиев, ФБ парақшасынан - 2023-05-23 494