Жамбылда кәсіпкерлік көкжиегі кеңеюде

Жамбылда кәсіпкерлік көкжиегі кеңеюде
Жамбылда кәсіпкерлік көкжиегі кеңеюде
🔶 Жамбыл облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің және облыстық кәсіпкерлік басқармасының ұйымдастыруымен тілшілерге арналған кезекті пресс-тур өтті.
🔷 Алдымен журналистер 1938 жылы құрылған бүгінде 514 адамды жұмыспен қамтып отырған «Запчасть» АҚ-ның жұмысымен танысты. Зауыт екі аусымда күні-түні жұмыс істейді. Кәсіпорында 3 негізгі цех бар. Олар шойын, арматура және болат төртбұрышты дайындаманы (жартылай фабрикаттарды) өндіреді. Өндірістік құрамы жылына 180 мың тонна. Сондай-ақ бірқатар көмекші қызметтері де бар. Мәселен, жылжымалы локомотив құрамына арналған қосалқы бөлшектер шығарылады. Олар еліміздегі ішкі нарықта пайдаланылады. Мұнда қызметкерлерге де жақсы жағдай жасалған. Айлық-жалақылары жақсы және түскі ас беріледі.
🟩 Келесі кезекте тілшілер 2020 жылы екі абысын бірігіп ашқан «Ас көп» кәсіпорнына барды. Мұнда күнделікті тұрмыста пайдаланатын жартылай фабрикаттар дайындалады. Өндіріс орны мемлекеттік қолдау арқылы «Бизнестің жол картасы - 2025» бойынша 3 млн теңгеге қаржыландырылған. Мұнда 30-45 жас аралығындағы 15 адам жұмыспен қамтылған.
🟦 Ал бұл 20 жылдық тарихы бар қыз жасауын жасайтын «Жасау мүлкі» кәсіпорны. Бұл жерден ұзатылатын қызға керек дүниелердің барлығын табуға болады.
🟥 Сондай-ақ журналистер қауымы «Nur-Ai» ЖШС кеңсе және мектептерге арналған жиһаздарды өндіретін зауытпен танысты. «Қазақстан халқына» қорының тапсырысымен биыл 11 мектептің жиһазын жаңартқан. Өндіріс орны айына 500-600 жиһаз шығарады. Кәсіпорын Тараздағы және Қазақстандағы ең ірі корпустық жиһаз өндірушілердің бірі.
⬛️ Келесі өндіріс орны - «Markofperfection» ЖШС. Серіктестік «ASATU» сауда маркасымен ұлттық тағамға арналған макарон өнімдерін өндіреді(бесбармақ үшін жайма). 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазақстан бойынша барлық өңірлерге жеткізіледі.Мұнымен қоса, көрші елдерге, яғни Өзбекстан, Қырғыстан, Ресейге экспортталады. Алдағы уақытта Қытай нарығына да шықпақ ниетте.
🟨 БАҚ өкілдері 2016 жылы құрылған «Берсанукаев» ЖШС қызметімен де танысты. Мұнда «Достар» сауда маркасымен шұжықтар өндіріледі. Өнімдер тек таза еттен жасалады. Шығарылған өнімдер аймақтарға және Ресей еліне жіберіледі.Мұнда 25 адам қызмет етеді. Жұмысшалр үшін тегін түскі ас қарастырылған.
🟫 Пресс-тур соңында журналистер білім беру саласына қатысты «Number One» оқу орталығына барды. Оқу орны мемлекеттік қолдау арқылы «Бизнестің жол картасы - 2025» бойынша 4 млн 617 мың теңгеге қаржы алған. Жұмыспен қамту орталығынан «Жастар практикасы» және «Қоғамдық жұмыскерлер» бағдарламасымен қызметкерлер жұмыс істейді.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
05.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 57
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 101
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 102
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 210
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 216
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 429
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 393

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9085
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8483
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11711
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9477
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10692