Жан Кособуцкий де жеңіске жетті

Жан Кособуцкий де жеңіске жетті

Тағы бар қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкий Германияның Гамбург қаласында өткен бокс кешінде кезекті жекпе-жегінде франциялық қолғап шебері Жоан Дюопамен жұдырықтасты. Ауыр салмақта өткен айқас он раундқа жоспарланған және кездесуде бос тұрған WBC International чемпиондық атағы сарапқа салынды. Бұл жекпе-жектің соңы отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Себебі оның қарсыласы алтыншы раундта шаршы алаңға шығудан бас тартты. Осылайша, Жан Кособуцкий кәсіпқой мансабындағы он сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, екінші дәрежелі WBC белбеуіне ие болды. Қарсыласы Жоан Дюопа болса мансабында жетінші рет ұтылып отыр.

 

Ермек Сахариев
26.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 343
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 487
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 332
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 191

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18247
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18107
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33296
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31846
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35563