Жаңа мүмкіндіктер бастауы

Жаңа мүмкіндіктер бастауы

Жамбыл облысының географиялық орналасуы инвесторларды тартуға, кәсіпкерлікті дамытуға ыңғайлы аймақтың бірі. Өйткені, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль жолы бойында, қала берді Қырғыз Республикасымен, Алматы және Түркістан облысымен шектесетін аймақ болғандықтан ел және шетел инвесторларын қатты қызықтыратыны белгілі. Дегенмен, бүгінгі таңда облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жоғарылауына, халықтың әлеуметтік тұрмыс сапасының жақсаруына елімізде жүзеге асырылып жатқан тың жобалар мен бағдарламалардың үлесі зор.

Ертең «Көне Тараз» этномәдени орталығында өткізілгелі отырған «Zhambyl Investment and Economic Forum – 2023» инвестициялық форум өңірдің қолайлы инвестициялық имиджін одан әрі арттыра түседі деген сенімдемін. Бір жағы форум өңір экономикасының перспективалы салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге ықпал етері анық.

Бұл форумға жетекші халықаралық компаниялар мен отандық бизнестің 700-ден астам өкілі, инвесторлар, беделді сарапшылар мен пікір көшбасшылары, сондай-ақ салалық министрліктердің өкілдері, квазимемлекеттік компаниялардың және отандық бизнестің басшылары қатысады.

Форум барысында іс-шараға қатысушылар инвестициялық байланыстарды одан әрі жолға қою, экономиканың түрлі секторларында өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және ел экономикасына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мүмкіндіктерін талқылайтын болады.

Форум аясында инвестициялық жобаларды іске асыруға шетелдік және отандық компаниялармен бірқатар меморандумдарға қол қою жоспарлануда. Айта кету керек, Жамбыл облысында 821 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді, оның 13-і ірі, 21-і орта, 787-сі шағын кәсіпорын. Өнеркәсіп орындарында 45 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Өткен жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 859,8 миллиард теңгені құрады, ол 2021 жылға қарағанда 10,2 пайызға жоғары. Бұл өнеркәсіп өнімінің өсуі өңдеу өнеркәсібіндегі өндірісті 10,6, электр энергиясымен жабдықтауда 19,4, сумен жабдықтауда 3,5 пайызға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді.

Форум өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм және цифрландыру сияқты негізгі 4 бағыттан тұрады, . Форумның бірінші күні осы 4 бағыт бойынша өтеді. Мысалы, өнеркәсіп бағыты бойынша «Тараз химиялық паркі» АЭА ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрімен кеңес өткізілсе, одан кейін Қордай ауданындағы «Корцем» ЖШС (Сингапурлық компания) цемент зауыты құрылысының басталуына орай капсула салу рәсімі өтеді.

Мұнан соң форум қатысушылары Байзақ ауданындағы «Казстонбокс» ЖШС инновациялық технологиямен республикадағы жалғыз жоба «табиғи тастан гофирленген картон мен қағаз қапт ама лар жас ау » жобасының ашылу салтанатына қатысады. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы, туризм және цифрландыру салалары бойынша да осындай ашылу салтанаттары мен жиындар ұйымдастырылады. Бұл күннің қорытындысы «Көне Тараз» этно-мәдени кешенінде шоу концертпен аяқталады.

Форумның екінші күні негізгі күн болып саналады. Себебі, пленарлық отырыс пен «Қазақстанның үздік тауарлары» көрмесі осы күнге жоспарланған. Пленарлық отырыстың соңында Жамбыл облысы әкімдігі, ірі инвестициялық жобалар, тасымалдаушылар, бас мердігерлер арасында келісімдерге қол қойылады.

Бұдан бөлек, Жамбыл облысы әкімінің инвесторлар мен кәсіпкерлерді қабылдауы өткізіледі.

Сонымен қатар, В2В кездесулер өтеді. Біз В2В кездесулерде Жамбыл облысының кәсіпкерлері мен шетелдік кәсіпкерлер арасында экспорт, сауда логистикасы, құрал- жабдықтарды тасымалдау секілді бірқатар келісімдерге қол қойылады. Яғни, «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС (Қырғызстанға цемент экспорты), «Сәуле» кондитерлік фабрикасы ЖШС (Өзбекстан Республикасына кондитерлік өнімдер), «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС («ТМЗ» сауда үйі ЖШС (Ресей) электродты жеткізу) және тағы басқа. Сондай-ақ, дипломатиялық клубтардың жиналыстары өтеді.

Форум соңы «Қазақстанның үздік тауарлары» көрмесінің жеңімпаздарын марапаттап, гала- концертпен аяқталады. Форумнан күтілетін нәтижелерге тоқталатын болсақ, облыс әкімдігі мен ірі шетелдік компаниялары арасында 8 компаниямен 730 миллион АҚШ долларына келісімге қол қойылады. Өнімді экспорттау үшін жаңа нарықтар ашу, экономиканы әртараптандыру бойынша 6 компаниямен 25 миллион АҚШ долларына қол қойылады және шетелдік инвесторларға Жамбыл облысының әлеуеті, туристік нысандары мен жер қойнауын пайдалану бойынша жаңа жобалар ұсынылады.

Қорыта айтқанда, халықаралық инвестициялық форумды өткізу облысымыздың қолайлы инвестициялық ахуалын дамытуға ықпал етуі тиіс. Форум қорытындысы бойынша отандық кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлар арасында 20 стратегиялық келісім мен меморандумдар жасалады деп жоспарлануда.

 

Аспандияр СЕЙСЕБАЕВ, облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы. Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
24.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

«МӨЛДІР БҰЛАҚ»: САУРАНДЫҚТАР ҚАРАШЫҚ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 07.05.2024 21
ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті - 06.05.2024 95
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 96
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 100
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 71

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1318
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7363
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11231
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7416
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7569