Жаңа партияларды тіркеуге кедергі жасамаймыз

Жаңа партияларды тіркеуге кедергі жасамаймыз

                     

      Журналистермен болған кездесуде ҚР Әділет министрі Қанат Мусин: «Айта кетерлігі, соңғы он жылдың ішінде Қазақстанда бірде-бір жаңа саяси партия тіркелмеген екен. Жалпы, Қазақстанда партиялар туралы нақты әрі түсінікті заң бар. Оған сәйкес, саяси бірлестікті тіркеу үшін көп құжаттың қажеті жоқ. Екі-ақ кезеңнен өту керек. Алдымен әділет министрлігіне партияны құру туралы жазбаша хабарлама беріледі. Сондағы барлық мәлімет, жиналған қолдардың саны да мұқият тексеріледі. Әйтпесе, тізімге о дүниелік болып кеткен адамдардың кіріп кету жағдайлары аз емес.  Барлық мәлімет дұрыс болған жағдайда министрлік ресми хабарламаны ресми түрде растап, тиісті құжатын береді. Соның негізінде саяси ұйымды тіркеу шаралары басталады. Филиалдарды ұйымдастырып, мүше адамдардың қажетті санын жинауға болады. Ал мүшелердің тиісті саны жиналып, филиалдар құрылса, мархабат, тіркелуге рұқсат бар. Бірақ барлық талап орындалуы шарт. Біз ешкімге кедергі жасамаймыз», — деп сендірді.   Осы орайда журналистер Қазақстанда көп жыл бойы бірде-бір партияның тіркелмегенін еске салды. Министр: «Көп нәрсе саяси бірлестіктерді ұйымдастыратын адамдардың өздеріне байланысты. Жоқ жерден сылтау іздемейсің ғой. Алайда нақты себеп болса, кешіріңіз, бұл – заң, ал заң орындалуы қажет»,— деп құтылды.

   Еске сала кетсек, Қазақстанда заң бойынша саяси партияны тіркеу үшін 20 мың қол жинау керек. Бұдан бөлек, елдің әрбір аймағында филиалдар ашылуы шарт. Ал оппозиция ондай талаптарды орындау оңай емес деп отыр. Соңғы он жылдың ішінде Қазақстанда бірде-бір жаңа саяси партия тіркелген жоқ. Бұған дейін тіркелмеген «Ел Тiрегi» партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаев әділет министрлігінің сан алуан сылтаумен 16 рет өтінішті кері қайтарғанын айтқан. Ал қоғам белсендісі Санжар Боқаев «Namys» атты цифрлық партияның құрылатынын мәлімдеді. Қазіргі кезде Қазақстанда 6 партия ресми түрде тіркелген. Олардың үшеуі парламентке өтті.

Ермек САХАРИЕВ
21.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 188
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 202
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 469
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 932

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18380
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18240
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33428
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31979
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35745