Жаңа Қазақстанға жаңа жеңістер сыйлаған жаңа бапкер

Жаңа Қазақстанға жаңа жеңістер сыйлаған   жаңа бапкер

Ұлттар лигасы аясында ұлттық құрамамыз алғашқы ойынды Нұр-Сұлтан қаласында Әзірбайжан құрамасына қарсы 2-0 есебімен жеңіске жетті. Екінші турда Қазақстан Словакиямен кездесті. Матч Трнава қаласындағы Антон Милотинский стадионында өтіп, 0:1 есебімен аяқталды. Үшінші турда Қазақстан кезекті ойынын Беларуське қарсы өткізді. Сербиядағы «Караджордже» стадионында өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.

 

Ойын бастала салысымен қазақстандық футболшылар тізгінді өз қолына алуға тырысты. Нәтижесінде ойынның 13-минутында Абат Айымбетов Ян Вороговскийдің пасынан кейін мергендігімен көзге түсті. Бұл – Абаттың аталған турнир барысында соққан үшінші голы. Сонымен, Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы 3 ойыннан кейін 7 ұпаймен өз тобында көш бастап тұр. Айта кетейік, Ұлттар лигасының алдында Қазақстан футбол федерациясы жанкүйерлерге ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін таныстырды. Басшылықтың таңдауы қазақ жанкүйерлеріне есім-сойы таныс ресейлік маман Магомед Адиевке түсті. Алайда бұл бапкердің біліктілігіне, құрамамен жақсы нәтижеге қол жеткізетініне күмәнмен қарап отырғандар көп болып шықты. Әсіресе спорт сарапшылары мен футбол жанкүйерлері отандық мамандарға сенім артпай, шетелдік бапкерге тізгінді ұстата салғанына бастапқыда риза емес еді. Бүгінде ойлары өзгеріп,  жаңа бапкер Магомед Адиевке сенім артып отыр. 

 

Рауан МУТАИР
16.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4107
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4286
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19230
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17892
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21333