Жаңаөзендегі жарылыс

Жаңаөзендегі жарылыс

Апаттық-құтқару  жұмыстарының  қорытындысы  жарияланды.  Төтенше  жағдайлар  министрлігінің соңғы дерегі бойынша, құтқарушылар үйінділердің астынан аман қалған 4 адам мен 4 мәйітті алып шықты. Қазіргі уақытта 6 адам ауруханада ем алуда.

«Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстарға 40-қа жуық бірлік және 350-ге жуық адам, соның ішінде кинологиялық есеп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция, еріктілер жұмылдырылды. Сағат 18.15-те барлық авариялық-құтқару және үйінділерді талдау  жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта Жаңаөзен қаласының әкімдігі комиссия құрды. Осы комиссия орын алған жарылыстың мән-жайын анықтап, келтірілген залалды анықтайтын болады», – делінген ведомство хабарламасында. Еске салсақ, 17 сәуір күні таңертең Жаңаөзен қаласында екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйдің 2-ші кіреберісінде болжам бойынша табиғи газдың шығуы салдарынан газ-ауа қоспасы жарылды. Жарылыс салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қирап, 4 пәтер зардап шекті.Бұдан бұрын Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен 13 адамның екеуі жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеген еді.

 

РАУАН МУТАИР
21.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 329
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 175
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 475
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 322

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18240
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18099
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33288
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31837
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35553