Жанармайдың «жыры»

Жанармайдың «жыры»

Көктемгі дала жұмыстары мен күзгі жиын-терін қарсаңында құбылатын жанар-жағармай бағасы тағы да көтерілгелі тұр. Үкімет бағаны тұрақтандыруға тиісті жұмыстар атқарып жатқанымен, нарықта жанармай бағамы баға нарқына бағынбай бара жатқаны белгілі.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов жанар-жағармай бағасының көктемгі дала жұмыстарына кері әсері болмайтынын айтты. Өйткені, биылғы көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанармай бөлінген. Жанармай бүгінгі нарықтағы жеңілдетілген бағамен диқандарға үлестірілуде. Ал, жанар-жағармай бекеттеріндегі баға әзірге бақылауда. Дегенмен, елімізде газ тапшылығы байқалуда. Оны өңіріміздегі газ бекеттерінде қалыптасып отырған кезектің пайда болуынан байқауға болады.

Жуырда Қазақстан Республикасы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында сол кездегі Энергетика министрі Болат Ақшолақов жанармай нарығындағы ағымдағы жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндаған болатын. Оның айтуынша, республикамыздағы үш мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін, мұнай өңдеу көлемі 3 миллион тоннаға өскен. Қазіргі таңда жылына шамамен 17 миллион тонна шикі мұнай өңделеді екен. Соңғы 5 жылда бензин көлемі 70, дизель отыны 30 пайызға жоғарылаған.

Сондай-ақ, өткен жылы дизель отынын шығару бойынша рекордты көрсеткіш 5,2 миллион тоннаға жетсе де бірқатар өңірлерде дизель тапшылығы бар көрінеді. Нарықтағы дизельге сұраныстың тұрақты өсу себебінің негізгі факторы – транзиттік көлік ағыны, содан кейін шетелге сұр схема бойынша өтіп жатқан экспорт сеп болуда.

Тиісті сала мамандарының есептеуіне сүйенер болсақ, шетелдік транзиттік көлік тұтынған дизель көлемі шамамен 150 мың тоннаны құраған. Одан бөлек, сұр экспортпен кеткен отынның көлемі шамамен 200 мың тоннаға жеткен. Бұл да бағаның шарықтауына әкеліп соғатын факторлардың бірі.

Көрші мемлекеттермен салыстыратын болсақ, біздегі жанар-жағармай бағасы оларға қарағанда айтарлықтай арзан екен. Яғни, Қазақстан – әлемдегі жанармайы арзан он елдің қатарында. Мәселен, Ресейде дизель бағасы орташа есеппен литріне 345 теңге, ол біздегі нарық бағасынан 45 пайызға қымбат. Ал, Қырғыз мемлекетінде 64 пайызға жоғары, яғни литріне 390 теңге, Өзбекстандағы баға бізбен салыстырғанда екі есеге қымбат, демек литріне 480 теңге. Бағадағы айырмашылық – 101 пайыз.

Бұдан бөлек, жанар-жағармайға деген сұраныс шетелдерде ғана емес, өз елімізде де артып отырғаны белгілі. Мәселен, өткен жылдың наурыз айымен салыстырғанда бүгінгі таңда тұтыну көлемі 15 пайызға жоғарылаған. Бұл жағдай сақтала берсе, онсыз да шетел асып отырған қазақстандық дизельдің көлемі арта түсіп, биылдың өзінде 850 мың тонна дефицитке тап болуымыз мүмкін екен.

Жанармай бағасын реттеу мақсатында жауапты министрлік тарапынан тиісті шаралар қабылданып та отыр. Яғни, жанармайды теміржол және көлікпен шығаруға тыйым салынды. Ресурс иелеріне жанармайды тікелей жанармай стансаларына сатуға міндеттейтін заңнамалық нормалар қабылданды. Мұнайды жеткізу және мұнай өнімдерін сату кезіндегі өнімсіз делдалдар алынып тасталды. Ал, жанармайды лимитпен өткеру өткен жылдың тамыз айынан сақталып келеді.

Бағаны бақылауда ұстап тұру үшін тиісті шаралар қабылданғанымен, нарық бағамы өз дегенін жасайтыны белгілі. Оған Үкімет те тосқауыл бола алмайды. Мамандардың ұсынысы ішкі нарықтағы жанармай жағдайын тұрақтандыру үшін Қазақстанның көрші елдермен салыстырғандағы бағадағы айырмашылықты төмендету ұсынылуда. «Бұл қиын, бірақ қажет шешімге бару керекпіз. Оны мойындау керек, бөлшек саудадағы жанармай бағасын көтеру қажет, оның ішінде АИ-92 мен АИ-93 маркалы бензинге бағаны литріне 182-187 теңгеден 205 теңгеге жоғарылату ұсынылуда (кейбір өңірге байланысты), өсім – 11 пайыз. Дизель отынының бағасын литріне 295 теңгеге, орташа есеппен өсім 20 пайызды құрайды. Қазір өңірге байланысты баға 230 теңгеден 260 теңгеге дейін болып тұр. Бағадағы айырмашылық мәселесін қазір қолға алмасақ, алдағы уақытта біз үлкен тапшылықтың куәгері боламыз. Бұдан басқа, экономикалық маңызды саланы дамыту мүмкіндігінен айырылып, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне де әсер етеді», деген болатын Болат Ақшолақов.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ
08.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 70
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 72
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 176
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 176
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 317
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 318
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 540
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 488

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9192
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8590
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11818
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9587
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10801